Барлық тәрбиенің қайнар көзі

3 марта 2016 - Веб-редактор

Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады.

 

 

Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып, жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әртүрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және тағы басқа бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.

 


Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше, сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

 

 

Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу – оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту – оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.

 


Технология пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі – қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді.

 

 

Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан. Балаларды еңбекке тәрбиелеу – қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.

 

 

Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.

 

 


Аслан БАЙДӘУЛЕТОВ 

Шолақсай орта мектебі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев