«Жаныңда жүр жақсы адам»

3 марта 2016 - Веб-редактор
article9565.jpg

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында елімізде тұңғыш рет мерекеленіп отырған 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Амангелді мемориалдық мұражайында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты дөңгелек үстел өтті.

 

 

Аға ұрпақтың жастармен сұхбаттасу дөңгелек үстеліне еңбек ардагері Ғалымжан Жүнісов пен ардагер ұстаз, «Спорт саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жеңіс Махатов және Б.Қолдасбаев орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік жиында мұражай қонақтары ауданның құрылғанына 88 жыл толып отырған тарихында қарыштап дамуына үлес қосып, әр салада атқарған жемісті еңбектері жайлы естеліктер айтты.

 


Татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюы, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмнің принциптерін бекіту мақсатында өткізіліп отырған мерекелік іс-шара соңында мектеп оқушылары өздерінің алғыс сезімдерін туған жер, Отан туралы өлең жолдарымен білдірді.

 


Жас ұрпақтың тағылымды әңгімеден түйгені мол. Олар да болашақта еңбегімен танылған ер атануға барын салатынын айтып жатты.

 


Қ.АБЖАНОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев