Жастар қолдайды, сенеді

26 февраля 2015 - Веб-редактор

Жангелдин ауданының жастары Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдайды. Жақында белсенді жастар басқосуында осы тақырып қаузалды.

 

Жангелдин ауданының жастары қоғамдық жұмыстарға және еліміздің саяси тұрақтылығына баса көңіл бөліп, бірліктің сақталуына үлес қосып, өздерін Қазақстанның нағыз пат-
риоттары екендіктерін дәлелдеп отыр. Таяуда аудандық «Біздің Торғай» газетінің директор-бас редакторы, «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гүлім Ысмағұлдың бастамасымен, қоғамдағы Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты бірауыздан қолдау мақсатында жастар жиыны өтті.
 
Естеріңізде болса, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері 2015 жылғы 14 ақпанда арнайы үндеу қабылдаған еді. Осы орайда, «Жалын» жастар қоғамдық бірлес-
тігінің жетекшісі Гүлсезім Раисова қабылданған құнды құжаттардың біздің мемлекет үшін маңыздылығы жоғары екендігін тілге тиек етіп, ойларымен бөлісті. Ал аудандық аурухананың қызметкері, аталмыш мекемедегі жастар бірлестігінің жетекшісі Ға-фур Жұмабекұлы мемлекетімізді әлемге әйгілеген, көрегендігімен, салиқалы саясатымен танылған тұң-ғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың елді дамытуға бағытталған «Қазақстан – 2050» стратегиясын және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын, «Мәңгі-лік Ел» тұжырымдамасын барлық аудан жастары қолдайтындығын атап өтті.
 
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Арайлым Қыпшақбаева жоғарыда айтылған пікірлерді қолдап, Қазақстан озық отыз елдің қатарына енуге батыл қадам жасап отырғанын жеткізді.  «Нұр Отан» партиясының Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раул Ахметжанов жастардың бастамасына ризашылығын білдіріп, «Қазақстанның баянды болашағы білімді де, білгір ұрпақтың қолында» деп сөзін түйіндеді.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео