Жаңа жоспарлар құрылды

22 февраля 2018 - Администратор
article16098.jpg

Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында былтырғы жылдың қорытындылары және саланы дамытудың негізгі міндеттері жарияланды деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

 

Бейнеконференция байланыс арқылы жүргізілген шараға облыстық әкімдіктердің, агробизнес және қоғам өкілдері қатысты. Агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті жүктелді. Бұл мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрлері өз баяндамаларында АӨК-ті дамытудың басты қадамдарына назар аударды. Мысалға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, сауда нарықтарын кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту, мемлекеттік бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, салық төлемдерін жетілдіру, аграрлық ғылым, білім беру және білім тарату жүйесін реформалау, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, технологияның қол жетімділігі, билологиялық ресурстарды оңтайлы басқару және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру.

Осылайша, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін қолданыстағы қаржы құралдарын жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қолхаттары сияқты жаңа құралдарды енгізу арқылы жеке қаржыландыруды тарту жоспарлануда. Бұдан басқа, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ біртіндеп агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін несиелік серіктестіктер, ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, лизингтік компанияларды қаржыландыруға ауысады.

Сондай-ақ, тиімсіз субсидиялар қысқартылып, салық салу жүйесі жетілдірілетін болады, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, саланы техникалық қайта жарақтандыру жүргізіледі.

Сауда нарығын кеңейту және ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауды дамыту мақсатында, мақсатты өнімдер нарығының тізімі әзірленетін болады. Басымдықты сауда нарығындағы шет мемлекеттердегі Қазақстандық елшіліктерде ауыл шаруашылығына жауапты атташе-өкіл лауазымын ашу жоспарланып отыр. Көлік және логистиканы дамыту, органикалық өнімді өндіруді арттыру, ауылшаруашылық ынтымақтастығы бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру шекара аудандарында ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Ішкі нарықты қорғау мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу жүйесін жаңғырту, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін және қадағалауын «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша, ветеринарлық қызметтің тігінен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру жоспарланып отыр.

Өзгерістер аграрлық ғылымға, білім беруге және білім тарату жүйесіне әсер етеді. Ғылым агробизнестің қажеттіліктерін тікелей мемлекеттік қаржыландырудан ғылыми-зерттеулерге арналған кәсіпкерлік бірлестіктердің шығындарын өтеу және жұмыс берушілерді мамандар даярлауға көшу есебінен жүзеге асырады. Аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау, оқу бағдарламаларын жаңарту және агроөнеркәсіптік кешендегі озық тәжірибені тарату, бұдан басқа, ауылдық мамандықтар бойынша оқыған түлектердің гранттары бойынша ауылдық жерлерде міндетті үш жылдық жұмыс істеуді енгізу жоспарланып отыр.

– Маңызды бағыттардың бірі агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру болып табылады, – деді бірінші вице-министр А. Евниев. – Мұнда ең басты күтілетін мәселе нақты фермерлік шаруашылықтар мен «ақылды фермалар» элементтерін енгізуге басты назар аударылатын болады. Бірінші кезеңде біз геопозицялық, вегетативтік, агрохимиялық, гидрогеологомелиоративтік және метеорологиялық қабаттарымен электрондық карта орындарын жасау қажеттілігін көріп отырмыз.

Өнеркәсіпті цифрландыру мемлекеттік заңдар мен қадағалаудың сенімділігін арттырады, жоғары технологияларды енгізуге ынталандырады, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырады, олардың ашықтығы мен фермерлерге қол жетімділігі, бірнеше рет сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады.

Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Су секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру, апатты жағдайдағы су қоймаларын қайта құру, сондай-ақ суармалы жерлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру, топтық су құбырларын қайта құру және салу бойынша шаралар қабылдау жоспарға енген. Сондай-ақ, вице-министр Р. Құрманов 2017 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қорытындылары туралы баяндады.

Әрі қарай алқа отырысы сұрақ-жауап форматына айналып, оның барысында аймақ өкілдері қойылған сұрақтарға толық жауап берілген.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев