Шаңғышылар сапқа тұрды

22 февраля 2018 - Администратор

Жаз бойына құмды боранымен ел мазасын алатын Қарасудың бұйра белдеріне қар түсе жан бітіп, баурайы шаңғы тепкен балалардың күлкісіне толады. Шаң басқан шаңғыларын алып Жасбуын орта мектебі оқушылары мұғалімдері көмегімен шаңғы жолын жасап, жаттығуды бастайды. Биылғы жылдың қытымыр аязына қарамастан жылт еткен күннің көзі, жылымық күндерді босқа жібермей жарысқа дайындалған.

 

Жуырда Қарасу ауылында «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы негізінде, Амангелді ауданының құрылғанына тоқсан жыл толуына орай аудан оқушылары арасында ІҮ шаңғы спартакиадасы өткен.

Қатысушыларды аудандық білім бөлімінің басшысы М.Диханбаев құттықтап, жарыстан озып шығуларына тілектестігін білдірді. Аудан чемпиондары А.Досымханов, М.Бауыржанова, Ш.Сейтжанова, А.Тұраров спартакиада алауын жаққаннан кейін жарыс басталып кетті. Сайыс жолына шыққан қарасулық шаңғышылардың өзгелерден оқ бойы озып келуіне көздері үйренген жергілікті жанашыр топ қошеметтерін аямады.

2001-2002 жылғы шаңғышылар арасында Аслан Тұраров бірінші, Асқар Досымханов екінші, Дәуіт Айдарханұлы үшінші орынды алса, қыздар арасында Шырай Сейтжанова бірінші, Карина Асанова екінші, Аружан Асылхан жане Данагул Даулетханова үшінші орындарды қанжығалады. 2003-2004 жылы туғандар арасында да қарасулықтар мерейі үстем болып, Сейілхан Медет бірінші орын, Серікболсын Бекмағанбетов екінші орын, Дінмұқанбет Бекенов үшінші орын иеленді. Қыздар тобында бірінші орын Мерей Бауыржановаға, екінші орын Аружан Бөстекбаеваға, үшінші орын Асылжан Жапароваға тиесілі болды. Жалпы командалық есепте жылдағыдай Жасбуын орта мектебі ұжымы бірінші орын алса, Аманкелді орта мектебі 2-ші, Жаңаауыл орта мектебі 3-ші орынға жайғасты. Жарыста ауданның барлық мектептерінен 152 шаңғышы бақ сынады. Спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне ауыл кәсіпкерлері С.Сайлаубекұлы, Р.Асанханұлы, М.Ғаділұлы, Б.Тайжанұлы, А.Елжасұлы демеушілік көрсетіп, қаржылай көмек жасады. Мектеп басшысы Марал Мұратбекұлының ұйымдастыруымен ұжым болып жарысқа қатысушыларға жыл ас ұсынылып, құрт көжесін беріп қуаттандырды.

Ауданда шаңғы спортынан базалық мектеп болып саналатын ұжымға спорт шеберлігіне кандидат, арнайы лицензия иесі, магистр Аслан Садықов дене тәрбиесі мұғалімі болып келгеннен бері ауыл спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Е.Қалижан, Ш.Сейтжан, А.Тұраров облыстық додаларда жүлдегер атанып үлгірді. Ізденгіш жаттықтырушы өткен айда Арқалық қаласында қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жарыстан да бас бәйгені алып келген болатын. Ақшұнақ аязға қарамай қызықты өткен сайысты тамашалаушылар көп болды. Жеңімпаздар енді облыстық жарысқа баруға дайындықты бастайды.

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев