Ел дамуының маңызды тетігі

22 февраля 2018 - Администратор
article16110.jpg

Мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыруда «Қазақстан даму банкінің» үлесі зор. Аталмыш банк бүгіндері еліміздің барлық аймағында жемісті жұмыс істеп келеді. Бас-аяғы 17 жылдың ішінде ел игілігіне оң септігін тигізетін бірқатар инвест жоба еңсерілген болатын. Банктің Қостанай облысындағы алар орны ерекше. Мәселен, мұндағы көлік жасау саласы «Қазақстан даму банкінің» қолдауымен жүзеге асып отыр.

 

«Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Ұлттық қор қаражаты есебінен қазақстандық көлік құрастыру кәсіпорындарын қолдауға 11 млрд теңге бөлген болатын. Бұл тізімде қостанайлық зауыттар да бар.

Банк демеушілік жасап отыратын компанияларды және жобалар құнын жіктеп өтер болсақ: «Агромашходлинг» АҚ – 40 млн АҚШ доллары; «Аллюр компаниялар қоры» АҚ – 93,66 млн АҚШ доллары; «СарыАрқаАвтоПром» АҚ – 132, 5 млн АҚШ доллары. Бұның бәрі машина құрастыруға бағытталған. Бұл қаражат тұтынушыларға Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алуға несие беруі үшін төрт коммерциялық банкке бағытталды.

Осындай инвестицияның арқасында, шын мәнінде, Тобыл өңірі отандық көлік құрастырудың флагманына айналды. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев та талай рет биік мінберлерден айтқан. Мәселен, өткен жылға дейін зауытта түрлі маркалы жиырма мың көліктің құрастырылғанын оқырманға сүйіншілеп жеткізген едік. Тек 2014 жылдың өзінде алып кәсіпорыннан 9 мыңға жуық көлік шығарылды. Былайша айтқанда, көлік құрастыру ісінде іркіліс жоқ.

Қостанай Қазақстандағы алып автоиндустрия орталығына айналатын күн алыс емес. Оған «СарыАрқаАвтоПром» АҚ сияқты көлік құрастырудың қыр-сырын жетік меңгерген отандық өндіріс ошағының бүгінгі жетістіктері дәлел. Тек, сыртқы нарықпен байланысты күшейтсе, Қазақстанда жасалған көліктердің қай-қайсысы болсын, жер-жаһанның кез келген бұрышында жүйткитініне сенім зор.

Тағам өнеркәсібінде Қостанайдағы «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасына қомақты қаржы бөлініп отырады. Фабрика жылына 65 мың тонна өнім өндіреді. Кәсіпорын өндірген тәттілер бүгінгі таңда қазақстандық брендке айналды. Мұнда 250-ден астам өнім түрі шығарылады. Тауарлар алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Негізгі тұтынушылары Ресей, Өзбекстан, Германия, Қытай, Әзірбайжан елдері. Әзірге кондитерлік фабриканың экспорттық әлеуеті 30%-ке тең. Қазақстанның барлық облыстарында фабриканың филиалдары жұмыс істейді. Кәсіпорында 1500 адам еңбек етеді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында фабриканың қондырғылары 70 пайызға жаңарды. Кәсіпорынға Қазақстанның «Даму банкі» алты пайыздық жеңілдікпен үш млрд теңге көлемінде несие берді. Соңғы жарақтандырылған бисквит цехы сол қаржыға салынды. Жаңа бисквит цехында печенье, вафли және крекер шығарылады. Бұл өнімдер әлемдік сапа стандарттарына сәйкестендірілген.

Қазақстандағы кондитер өнімдерінің нарығында жетекші орындардың бірін иеленген фабрика жаңашылдық бағытында үнемі алға жылжумен келеді. «Баян сұлу» АҚ өндіріс технологияларын үйлестіру арқылы қуаттылығын барынша арттыра түскен. Кәсіпорын ұжымы әрқашан уақыт талабына сай жұмыс істеп, бәсекелестерінің бір қадам алдында жүруге тырысады.

Мемлекеттің бұл көмегін елдегі бизнестің қарыштап дамуына үлкен серпін беріп келеді. «Қазақастанның даму банкі» бұл бірегей жоба. Алдағы уақытта банктің талай тың ұсыныстары болмақ. Ендігі бағыт – ауыл шаруашылығына ден қою.

 

Маржан АЛПЫС,

суреттер автордан 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев