Аудан әкімі есеп берді

23 февраля 2017 - Веб-редактор
article13098.jpg

Амангелді ауданында өткен жылды қорытындылау мақсатында аудан және ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өтті. Жиынға жалпы есеппен 2747 тұрғын қатысты. Кездесу барысында әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары тыңдалып, алдағы жылға құрылған жоспарлар талқыға салынды. Есеп беруде аудан әкімі тұрғындарды ауыл шаруашылықты және кәсіпкерлікті дамытуға шақырды.

 


– 2016 жылы Амангелді ауданының жергілікті атқарушы органдары өз жұмысын мемлекет Басшысының бес институционалды реформасы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындауға бағыттады, – дейді аудан әкімі Нұржан Өтегенов. – Қоғамды дамыту үшін жергілікті басқару органдарының өкілеттігін кеңейту туралы жаңа заңдардың қабылдануымен тұрғындардың жергілікті мәселелерді шешуде де белсенділігі арта түсті. Өткен жыл аудан үшiн табысты жыл болды. Жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы динамикамен сипатталады.

 


Амангелді ауданының ауыл, ауылдық округ әкімдерімен 2016 жылы елді-мекендерде өткізген кездесулерде тұрғындармен 29 ұсыныс – пікірлер айтылды. Оның 13-і тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша, үшеуі ауыл шаруашылық саласы бойынша, оны әлеуметтік мәселелерге байланысты және де үшеуі елді мекендерді абаттандыру жөнінде болды. Кездесу барысында тұрғындар қойған 17 сұрақ бойынша түсінік беріліп, оның 12-сі туралы іс-шаралар атқарылып, жыл ішінде орындалуы қамтамасыз етіледі.

 


Есепті кезең ішінде ауданда 150,4 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Ол 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өнім өндірудің нақты көлем индексі 104,9 пайыз болған. 2016 жылы бөлшек сауда айналымы 462,6 млн теңге болып, нақты көлем индексі 101,8 пайызды құраған. Аудан экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі жыл сайын артуда. 769 шағын және орта бизнес субъектілерінде 1863 адам жұмыспен қамтылған, олармен 1 млрд 781,3 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметтері көрсетіліп, бюджетке 93,9 млн теңге салықтық түсімдер түсірілген.

 


Мұнда іскерлік мәдениетті жақсарту және кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен жаңа бастамалар мен кәсіпкерлікті дамытуға барша жағдай жасалып келеді. Бағдарлама шеңберінде аудан бойынша оның екінші бағытымен негізгі қорларды сатып алу қаржылық лизинг келісім-шарты бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауда үш жоба іске асырылған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Тұмар Бимагамбетова «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млн теңге грант ұтып алып, Амангелді ауданында 500 тонналық көкөніс сақтау қоймасын ашқан.

 


Өңірде 2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 10 млрд 201,9 млн теңге болып, нақты көлем индексі 108,4%, оның ішінде қызметтер 43,3 млн тенге, нақты көлем индексі 100% болған. Ал мал шаруашылығы 5 млрд 280 млн теңге, өсімдік шаруашылығы 4 млрд 878 млн теңгені құрап отыр. Аудан алқабындағы дәнді дақылдар толықтай жиналып алынған. Егістік көлемінің 93 пайызын бидай құрап, алдағы уақытта егістік көлемін әртараптандыру мәселесі басты назарда болады. Мұндағы диқандардың жылма жыл егістіктен мол өнімдер алуы жаңа технологияларды, гербицидтерді пайдалану, жаңа ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу арқасында мүмкін болып отыр. Аудан бойынша көктемгі-күзгі дала жұмыстарына литрі 96 тенгеден барлығы 3139 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, диқандардың егінді шығынсыз жинап алуына септігін тигізген. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына жаңадан 15 трактор, тоғыз комбайн, 15 шөп шабу құрылғылары, бір жүк көлігі, 11 тіркемелер және бір соқа сатып алынған.

 


Ауыл шаруашылық құрылымдарына көктемгі дала жұмыстары мен күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен қаржыландыру арқылы 104,2 млн теңге бюджеттік несие бөлініп, шаруашылықтар оны толық және уақыттылы қайтарылған. Аталмыш саланың бағдарламаларына қатынасуы арқасында ауданда мал басы артып келеді. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 133 бас ірі қара мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 47 бас жылқы сатып алынған. Мұнда 87 шаруа қожалығы мен екі жеке меншігі шектеулі серіктестігі, 26 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері ірі қара малын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. Оларда 13 486 бас аналық мал және 466 бас асыл тұқымды бұқа бар.

 


Еліміздің ауыл шаруашылығы комплексін дамытудың алдағы бес жылға арналған Концепсиясына сәйкес басымды бағыттар өндірістік сектор мен ауыл шаруашылық кооперативтерінің дамуына берілетін болады. Жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру мемлекеттік бағдарламасы мал өнімдері мен өнімдерді сату көлемдерін ұлғайту мен қоса ет, сүт басқа да өнімдер мен қызмет қөрсетуден түскен тұрақты кепілдендірілген еңбек ақы есебінен ауылдық жерде халықты жұмыспен қамти отырып түпкілікті әлеуметтік түрлендіруге бағытталған. Аталған бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру мақсатында ауданда тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінен ауыл әкімдерінің қатысуымен жұмысшы тобы құрылған.

 


Қазіргі таңда ауданда тұрғын үйге мұқтаждар саны жылдан жылға артып келетін көрінеді. Биылғы жылдың бірінші қаңтарына тұрғын үй кезегінде 93 адам тұр. Осы мәселені шешу аясында аудан әкімдігі Амангелді селосы Маметова көшесіндегі, 12 пәтерлі №17 тұрғын үйді қайта құрылымдау жобасы бойынша құны 70 млн теңге жобалау сметалық құжаттарын 2015 жылдың қыркүйек айында дайындаған. Және де осы жылы Кейкі батырдың кесенесі салынып, жерлеу рәсімдері жүргізілген. Бұл шараға еліміздің барлық өңірлерінен ресми өкілдер, көптеген қонақтар келіп катынасатын болады. Сондықтан іс-шараға келген қонақтарды күтіп алу жұмыстары жүргізілуде. Мысалға, ауылдардың қираған ғимарат үйінділерінен таза болуы маңызды болмақ. Бұл бағытта аудан бюджетінен санитарлық тазарту жұмыстарына қаражат қарастыру мүмкіндігі жоқ. Санитарлық тазарту жұмыстарына барлығы 25,061 млн теңге қаражатты қажет етеді.

 


Бүгінгі таңда ауданда әлеуметтік сала ұйымдарының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Амангелді орта мектебі және А.Боранбаев атыңдағы орта мектеп жанындағы интернат ғимараттарының жөндеу жұмыстарына жобалау құжаттары дайындалғанымен, қаржыландыру мәселесі шешімін таппай отырған көрінеді.

 


Жалпы қорытындылай, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен елді-мекендерде өткізілген кездесулерде тұрғындармен 46 сұрақтар мен пікірлер айтылған. Олар абаттандыру, ауыл шаруашылығы саласына және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөнінде. Қойылған 30 сұраққа кездесу барысында түсінік беріліп, қалғандары қарастырылуға берілді.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер amangeldy.kostanay.gov.kz сайтынан алынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев