Зауыт бой көтеруі тиіс

20 февраля 2014 - Веб-редактор

Елімізде тағы бір алюминий зауыты салынуы мүмкін. Мұндай ұсынысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Хұсайын Уәлиев Қостанай облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде білдірді.

Сенат депутаты Хұсайын Уәлиевтің пікіріне сүйенсек, қазіргі таңда құрамында алюминий кездесетін 90 пайызға жуық шикізат Қостанай облысының жерінде бар көрінеді. Сондықтан, қолда бар байлықты ел игілігіне пайдалана білу керек. Ол үшін уақыт өткізбей Құсмұрын елді мекеніндегі қоңыр көмір кенінің жұмысын жандандырса жеткілікті. Ондағы көмір қоры Екібастұз кен орнымен бірдей.
 
Сондай-ақ, өңірде алюминий өнеркәсібін дамытуға барлық алғы шарттар жасалынып қойған. Технология да, жобалық-сметалық құжат, есептер
– барлығы даяр. Енді аймақта қуаты 1,5 млн тонналық алюминий тотығын өндіретін зауыт пен қуаты 2000 МВт болатын жылу-энергетикалық станция-
сын салу сұранып тұр. Бұл жобаның жалпы құны жеті млрд АҚШ долларын құрайды. Жоба сәтті жүзеге асса, кеткен шығындарды жеті-сегіз жыл көлемінде өндіріп алуға болады. Оның сыртында 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Ол үшін сенімді инвестор керек екені анық.
 
Мешіт ҒАЗИЗ 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео