Облыстық фестиваль жалғасуда

15 февраля 2018 - Администратор
article16032.jpg

Биылғы жылдың 2 – 28-ші ақпан аралығында Қостанай облысының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық фестивалінің екініші кезеңі басталды. Үстіміздегі жылғы фестиваль Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Асқақ әнім, Астана!» тақырыбында өтуде.

 

Іс-шара екінші ақпанда облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық фестивалінің екініші кезеңі Жанкелдин, Аманкелді аудандарында болса, үшінші ақпанда Арқалық қаласында өтті.

Шара барысында мәдениет Басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Президенттің Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Концерттік бағдарламада әртүрлі жанрда ауылдық кезеңнің ең үздік орындаушылары қатысты.

Жангелдин ауданында ұлт-аспаптар оркестрі, Ляззат Хамзина басқарған Б. Байқадамов атындағы камералық хор, «Ғасырлар пернесі» халық ансамблі, «Еркеназ» би ансамблі, Тасқын Әжібай, Мирас Әбдікәрім, Шыңғысовтар дуэті, Жоламановтар отбасылық ансамблі көрермендер мен қазылар алқасының қошеметіне бөленді.

Амангелді ауданындағы бағдарламада Руслан Шегенбаев басқарған «Дала сазы» этно-ансамблі, Олжас Қалдыбаев басқарған халық аспаптар оркестрінің ойнауындағы әуендер ерекше әсер сыйлады. «Шұғыла» және «Ерке Наз» би топтары қызықты хореографиялық композициялар көрсетті.

Арқалық қаласындағы ең үздік музыкалық шығармалардың қатарында, ҚР Мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Боранбай Әбенов жетекшілік жасайтын қазақ халық ұлт-аспаптар оркестрінің, «Сарыарқа сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің (жетекшісі Данияр Рысбеков), «Еркежан» қобызшылар ансамблінің (жетекшісі Гүлдана Бекхожина) орындауларындағы шығармаларды, «Желкілдек» халық әнін орындаған Жанагүл Жармағанбетованы, «Ақбота» халық би ансамблінің орындалуындағы «Шалқыма» және «Өзбек» билерін (жетекшісі Айгерім Балғынбаева), республикалық байқаулардың жеңімпазы Әйгерім Мұханбетжанованың орындаған Лари Фабианның «Jotém» әнін атауға болады.

Қазылар алқасының төрағасы, Қостанай облысының Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның бас режиссері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Облыстық Меценаттар клубы сыйлығының иегері А. Евсюков айтқандай, фестивальдің бастамасы үздік шығармашылық ұжымдардың қызықты бағдарламаларына толы болды. Жанкелдин ауданының концерттік бағдарламаларында халықтық шығармаларға зор көңіл бөлінсе, Аманкелді ауданы мен Арқалық қаласы халық өнері ғана емес, сонымен қатар заманауи өнерді де насихаттады.


Ақбота САҚҰЛОВА

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев