«Қыс қызығы тамаша»

16 февраля 2017 - Веб-редактор
article13041.jpg

Үрпек ауылы Аманкелді ауданында салауатты өмір сүруді қалыптастыру, спорттық ойын түрлерін дамыту, насихаттау мақсатында Жаңа ауыл орта мектебінде қысқы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.  

 

 

Дене шынықтыру пәнінің жетекшілігімен арнайы жасақталған өзен үстіндегі жарысқа төрт команда, он спортшыдан барлығы 40 спортшы қатысты. Жарыс төмендегідей арнайы құрылған бағдарлама бойынша өткізілді. Топ аты, ұраны, альбом, буклет даярлау, спорт түрлері бойынша, шаңғымен эстафетаға жүгіру, шанаға отырып алып таяқпен итере отырып жарысу. Және конькимен 100 метрге сырғанау, сырғанап келе жатып шағын төбешіктен секіріп өту. Оған қоса, шанамен сүйретіп келе жатып жолдағы жалаушаларды жинау, балық аулау, хоккей ойнау сынды кезеңдерде кездеседі. Ойын уақыты бес минуттан екі таймнан тұрады. Табиғат аясында қыс мезгілінде ас әзірлеу тіптен тамаша болды.

 


Жарысқа «Арлан», «Барыс», «Көк бөрі», «Үрпектің сары баласы» командалары қатынасты. Әр команданың атына сай ұрандары, эмблемалары, спорттық газеттер, ұран сөз жазылған плакаттары әр түсті бояумен талапқа сай даярланып келген. Кез келген команда қызыл, сары, көк, қара түсті спорттық киімдер киген. Әр топ тамақтануға, киім ауыстырып отыруға, демалуға арнайы палаткалар құрды. Спорт түрі бойынша барлық командалар белсене, ширақ қимылдап, командаларын артта қалып қалмауына барлық күш жігерлерін салды. Қатысушылардын белсенділіктері жоғары болды, тоңғандықтарында байқаған жоқ. Командалар балық аулау бағдарламасында арнайы қармақпен, мұз тескіш бұрғыларымен келді. Жарыс барысында келеңсіз жағдайлар болған жоқ.

 


Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Арлан» тобы, екінші болып «Барыс», ал соңғы үшінші орынды «Көк бөрі» иеленді. Жарыс жеңімпазы «Арлан» тобына ауыспалы кубок табыс етілді. Әр командададан екі спортшыдан сегіз спортшыға арнайы сыйлықтармен мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


Майраш Нұржанова
Үрпек ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев