Бірлестіктер үн қосуда

18 декабря 2015 - Веб-редактор
article8807.jpg

Сыбайлас жемқорлықпен күресуге қоғамдық ұйымдар тартыла бастады. Қостанай аудандық Маңдай батыр мешіті ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған «Ашық келісім» жобасына алғашқылардың бірі болып жазылды.

 

«Ашық келісім» жүйесінің бастау алатыны туралы қараша айының басында мәлім болған. Бұл жобаны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агент-тігі әзірледі.


«Нұр Отан» партиясының Қостанай аудандық филиалында өткен дөңгелек үстелде Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің конкультанты Таңат Смаилов «Ашық келісім» жүйесінің жобасы жөнінде әңгімеледі.


– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарту мақсатында, Агенттік «Ашық келісім» жобасын ұсынып отыр. Оның мақсат-міндеттерімен келіскен қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес немесе басқа да тәуелсіз ұйымдар сыбайластыққа қарсы күресте бірігеді. Келісімге жастар, бизнес-құрылымдар, ғылым және мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, этномәдени және діни бірлістіктердің өкілдері де үн қоса алады, – деп түсіндірді Таңат Смаилов.


«Нұр Отан» партиясының Қостанай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапабек Көлбеков бұл бағыттағы жұмыстарға партия белсенділері қолдау білдіретініне тоқталып өтті. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысқан кәсіпкерлер палатасы, жастар бастамалар орталығы, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестік өкілдері жемқорлықпен жұмыла күресуге ниет білдірді. Ал, Маңдай батыр мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек жобаға алғашқылардың бірі болып жазылатынын мәлімдеді.


Асыл ҚАСЫМ
Суретті түсірген автор

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео