Халық игілігіне жараған орталық

8 февраля 2018 - Администратор
article15976.jpg

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласындағы жаңа нысандарды аралауды ашылуына көп уақыт болмаса да, бүгінде халыққа белсенді көмек көрсетіп отырған «Жанұя» медициналық орталығынан бастады.

Еске салсақ, желтоқсан айында Арқалықта тұңғыш жеке медициналық орталық бой көтерген еді. Жобаны қаладағы жас кәсіпкер, «Арсенал» ЖШС-нің директоры Сәбит Әбдіқадырұлы орындады. Оған 100 млн теңге қаражат жұмсалды. Оның жартысы күрделі жөндеу жұмыстарына кетсе, қалған 50 миллионы қажетті медициналық құрал-жабдықтарды алуға жұмсалып отыр.

Бүгінде екі айдай уақыт жұмыс жасап жатқан медициналық орталық құрамы білікті дәрігерлермен толықтырылған. Мысалға, алты дәрігер жоғары санатты болса, ал бес орта  санатты дәрігер халыққа қызмет көрсетіп отыр. Мамандардың басым көпшілігі Арқалықтағы жеке медициналық орталықтың қызметін, жалақысын ұнатқандықтан оңтүстік облыстардан отбасыларымен көшіп келген. Қала тұрғындары бұрындары Астана мен Қостанай қалаларында алып келген қажетті ем-домын осы орталықтан ала алатын болды. Демек, халық риза, жоспар орындалып, жұмыс уақытылы жүруде.

Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы барлық кабинеттерді түгелдей аралап шығып, жақсы баға берді. Болашақта осындай орындарды көбейту жоспарға енбек.

Басқа өңірлерден келген мамандар үшін баспана мәселесі де шешіліп қойған. Бастысы – халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қаладағы медицинаның дамуына үлес қосу. Облыс басшысымен екінші мәрте әлеуметтік нысанды аралауға барғанда жұмыстарының жүріп тұрғандығына көзіміз жетті. Себебі, халық орталықтың ашылған уақытынан бастап кезекке тұрып, келіп жатты. Мұндағы медициналық көмек халықтың игілігіне жараса, болашақта орталықтың өрісі кеңеймек.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

суреттерді түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев