Ет комбинаты тамыз айында іске қосылады

8 февраля 2018 - Администратор
article15974.jpg

Жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барған өңір басшысы облыс үшін маңызды нысан ет комбинатының құрылыс жұмыстарына барып, бақылап қайтты.

Еске салсақ, аймаққа қажеттілігі туындаған ет комбинатын салу көптен жоспарда жүрген еді. Алайда нақты қай жерге салынғаны дұрыс болатыны жөнінде бірнеше кездесулерде өткен. Сөйтіп, ортақ шешімге келіп, Арқалық қаласында ашылатын болып шешілген. Бүгінде құрылыс жұмыстары бастылып кетті.

Облыс басшысының қатысумен өткен Арқалық қаласы әкімінің есеп беру жиынында Амантай Балғарин ет комбинаты жөнінде біраз ақпарат берген еді. Қала басшысының сөзінше, 900 млн теңгелік жобаның жұмыстары тамыз айына дейін аяқталып бітпек. Қазірдің өзінде жоспардағы жұмыстар уақытылы атқарылып келеді. Мұнда 60 құрылысшы белсенді жұмыс істеуде.

Құрылыс жұмыстары толығымен біткен соң, 120 адам тұрақты жұмыс істеп, бұл нысанда халық игілігіне берілмек. Алдағы уақытта қала маңындағы ауылдар мен Жангелдин, Амангелді аудандарының халқы осында ет өткізетін болады. Осының арқасында халыққа туғызған қиындық азаяды. Одан бөлек, аталмыш ет комбинатына көршілес Қарағанды мен Ақмола облыстарының аудандары да қызығушылық танытып отырған көрінеді. Сол себептен, нысанның құрылыс жұмыстары да сапалы әрі тез атқарылып жатыр.

Құрылыс жұмыстарының жақсы атқарылып жатқандығына көз жеткізген облыс басшысы Архимед Бегенжанұлы арнайы тапсырмалар да беріп кетті.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

суретті түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев