Суицидке итермелейтін ойындар пайда болды

9 февраля 2017 - Веб-редактор
article12986.jpg

Қазіргі таңда ғаламтор желісінде жасөспірім балалардың саналарын улайтын ойындар белең алып келеді. Соңғы кезде Ресейден бастау алған «Синий кит» немесе «Тихий дом» сынды ойындар бірнеше жасөспірімдердің суицидке баруларына әкеп соққан.

 


Бүгінде кез келген балада ұялы телефон бар. Оны ата-аналары балаларын қатарынан қалдырмау мақсатында алып береді. Бірақ, көбісі жасөспірімдердің қандай ғаламтор желілеріне және қандай топтарға тіркелгендіктерін қадағалап жатпайды. Осы ақпараттан соң сізге балаңыздың ұялы телефонын ақтаруға кеңес береміз.

 


Алғаш Ресей елінде пайда болған бұл ойын түрінен бірнеше жасөспірім балалар тамырларын кесіп, тіпті, өз-өздеріне қол жұмсауға дейін барған. Барлығына кінәлі «Синий кит» атауындағы топтың тапсырмалары болып отыр. Аталмыш топқа тіркелген балаға «мен сенің жеке китіңмін, екеуіміз қызықты ойын ойнайық» деген хабарлама келеді. Ойын шарты бойынша балаға 50 күнде 50 тапсырма беріп отырады. Бірінші тапсырма ретінде өткір затпен қолына киттің суретін салуды ұсынса, ал соңғы елуінші күні жасөспірімге өз-өзіне қол жұмсаудың бір тәсілін таңдауды ұсынады екен. Мысалға, көпқабатты үйден секіру немесе асылып өлу сынды қорқынышты шарттарды орындауға міндеттейді. Одан бас тартқан жасөспірімді «біз сенің мекенжайыңды білеміз, бәрібір тауып аламыз» деп қорқытатын көрінеді. Аталмыш ойын туралы естіген бір ғаламтор қолданушысы, жалған бет ашып, ойынның анық-қанығына жету үшін ойнауға кіріседі.

 


– Жасөспірімдердің 50 күн өткен соң неліктен суицидке баратындарына көзімді жеткізгім келді, – дейді эксперимент жасаушы. – Біз досымыз екеуіміз ғаламтор желісінде жалған парақша ашып, «Синий кит» тобына тіркелдік. Екеуімізге күнде екі түрлі адам байланысқа шығып, тапсырма бере бастады. Алғашқы тапсырма ретінде қолына өткір затпен ойып киттің суретін салуды ұсынды. Оны біз фотошоп арқылы жасап суретін жібердік. Солай әр күн сайын түрлі тапсырмалар беріп отырды. Соңғы елуінші күні көпқабатты үйден секіру немесе асылып өлу екеуінің біреуін таңдауға кеңес берді. Әлбетте, біз қорқатынымызды айттық. Бірақ тапсырма беруші егер қойған талабын орындамасақ, ата-анамызға немесе жақындарымызға кесірін тигізетіндіктерін айтты. Сосын бір ғаламтор желісінің ссылкасын жіберді. Оны басып кіргенде «404 бет табылмады» деп шығып тұрды. Ал 10 минут өткен соң тапсырма беруші бірден менің мекенжайым туралы ақпаратты өзіме жіберді. Яғни, біз зерттей келе, олардың балалардың мекенжайын қалай тез анықтайтындықтарын білдік. Ол жоғарыда жіберген байланыс желісі арқылы. Сол парақшаға өткен соң, оған сенің мекенжайың туралы ақпарат түседі екен. Міне, осылай жасөспірімдерді қорқытып, амалы таусылған бала өзіне қол жұмсау әрекетіне барады.

 

 

 


– Қазақстандағы ең үлкен өзекті мәселенің бірі, жасөспірімдер арасындағы суицид, – дейді Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясының психологы Гүлнұр Қапышова. – Бүгінде желіде «Море китов», «Тихий дом», «F57» және тағы да басқа сондай атаудағы балаларды суицидке әкелетін ойындар көбейіп кетті. Ол 11 және 18 жастағы жасөспірімдердің арасында кеңінен тараған қауіпті ойын. Оны ойнауға стресске түскендер, ата-анасымен қарым-қатынасы төмен, эмоциялық күйзеліске түскен, жалғызсырап жүрген балалар бейім келеді. Кейбір қызығушылықпен кірген жасөспірімдердің арасында шыға алмай қалғандары да кездеседі. Соған байланысты Қостанай қаласында психологиялық-профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Осы мәселе тұрғысында психологтар арасында семинар өтті. Сонда психологтарға тапсырылған жұмыстар бойынша 5-11 сыныптар аралығындағы оқушыларды медициналық тексерістен өткіздік. Яғни, оқушылардың қолын білегінен – иығына дейін қарап, ойынға қатысты киттің, көбелектің суреттерінің бар-жоғына көз жеткіздік. Және де өзге де жарақаттардың болу-болмауын қадағаладық. Оқушылармен шағын әңгімелесу сабағын өткізіп, күдік туғызған балалардың ата-аналарымен хабарластық. Сонымен қатар, жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, онда оқушылардың психологиясына әсер ететін ойындар жөнінде ақпараттар беріп, алдын-алу шараларын өткіздік. Ал оқушылар арасында диагностикалық тест болып, сол арқылы кімнің суицидке бару қаупі төмен, кімдікі жоғары дегендей деңгейлерде қарастырдық. Семинарда айтқандай, қаламыздағы мектеп оқушыларының бесеуі өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Сол себептенде, біз оқушыларды қатты қадағалауға алудамыз.

 


Жақында ғаламтор желісінде «Синий кит» атауындағы өлімге жетелейтін топты ашқан Филипп Будейкин есімді азамат ұсталып, аталмыш топтар жабылған. Бірақ, оның ізін басушылар күн сайын жаңадан топтар ашып, жасөспірімдерді ойынға шақырып отырған. Сондықтан балаңыздың ғаламтордағы өміріне араласып, қандай топтарға тіркелгендіктерін анықтаңыз. Аталмыш ойын ойнаушы балалардың ерекшелігі мынада: үнемі киттің немесе көбелектің суреттерін салып жүреді, ол суицидтің символы ретінде салынады екен. Таңертеңгі төрттерде оянады. Аталмыш ойындар қазір «инстаграм» ғаламтор желісінде де түрлі хештегтер арқылы тарап кетті.

 


Таяуда Қырғызстанның Бішкек қаласында таңғы төрттер шамасында сегізінші сынып оқушысы көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп ажал құшқан. Жасөспірімнің мұндай қадамға баруын мамандар «Синий кит» ойынының кесірінен деп топшылап отыр. Сондықтанда айырқалпақты мемлекеттің мектептерінде өлімге итермелейтін ойын туралы жиындар өтуде.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев