Қазыналы көрме

11 февраля 2016 - Веб-редактор
article9286.jpg

Қостанай – ықылымнан бері ырыздығы мол мекен. Алаш арыстарының туған өлкесі. Облыс ретінде 1936 жылдың шілдесінде қалыптасқаны әмбеге аян. Шыбық ексең шынар шығатын шұрайлы жері жалпы қазақтың мақтанышына айналған. Міне, зәузаты заңғар аймақтың айтулы мерейтойы да келіп қалды. Биыл біздің мекенге – 80 жыл.

 

 

Мұндағы мақсат – рухани әлеміне терең бойлай отырып, Қостанайдың түп тарихын өскелең ұрпаққа түсіндіру болды. Тағылымды шараны аталған мекеме директоры алғы сөзімен ашты.

 

– Біздің кітапхана дәл осындай даталарды кеңінен насихаттап келеді. Жыл бойы жоспарға сай рухани-мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Бүгінгі де соның бір белгісі іспеттес. Яғни, облыстың 80 жылдығына орай ашылған кітап көрмесі жыл бойы жалғасын таппақ. Әсіресе, бұның жас ұрпақ үшін берері мол, – деді өз сөзінде Солдат Дүтпаев.

 

Сондай-ақ, Сарыкөлдің білім саласына қомақты үлес қосқан ардагер ұстаз Қаду Сақауов, «Аққозы қажы» мешітінің бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық және өлкетанушы Валерия Стародубтар құтты мекен – Қостанай туралы ой қозғап, оқырмандармен бөлісті.

 

Бұл шараға аудан орталығындағы Сарыкөл, Урицк, №1 Урицк және Ново-Урицк орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары және колледж тәлімгерлері мен студенттері қатысты. Ауылдан да адамдар арнайы келді. 

 

Осы атаулы күнге орай, Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Берекелі бай өңір» атты құжаттық кітап көрмесі ашылған болатын. Көрмеде 200-ден астам дереккөздер, кітапхана қорындағы кітаптармен қатар облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатынан алынған экспонаттар мен құжаттардың көшірмелері қойылған. Мұндағы материалдар облыс тарихын тереңірек білуге, оның өткені мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат алуға, тарихи оқиғалар мен фактілерді бағалауға мүмкіндік береді. Көрмеде «Ақтөбе облысы екі облысқа: Ақтөбе және Қостанай облысына бөлінсін... Қостанай облысының орталығы болып Қостанай қаласы бекітілсін» деп келетін «Қазақ АКСР жаңа облыстар құру туралы» 1936 жылдың.

 

29 шілдесіндегі қаулының көшірмесі ерекше құнды деректердің бірі. Сонымен қатар, Қостанай облысының өткені мен бүгіні жайлы «Тарих тұнған мекен» атты бірінші бөлімнен шолуға мүмкіндік бар. Біздің облысымыз жаңа үлгідегі экономикаға көшудің қиын жолын басынан кешірді. Өңір экономикасының дамуы негізінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен сауда есебінен жүзеге асады. Аймағымыздың әр жылдардағы гүлденуі мен өркендендеуін, жеткен жетістігін «Әсем қала, гүл қала» атты келесі бөлімнен қарастыруға болады.

 

Көрменің «Аймақ дамуы, ел дамуы» айдарын тағынған бөлімі облыстың өңірлеріне арналған. 80 жыл ішіндегі қарыштап дамулардың арқасында облыстың экономикасы мен мәдениеті зор жетістіктерге жетті, оның қалалары мен ауылдары адам танымастай өзгерді, тұрғындарының рухани байлығы артты. Қостанай облысына кіретін қалалар мен аудандар тарихы туралы кітаптардан басқа да осы бөлімде сол өңірлерден шыққан, туған жерінің мақтанышына айналған, еңбек ерлері жайында материалдар мен мұндалап тұр.

 

«Туған өлкем – Қостанай» атты келесі бөлімінде ұлтының мақтанышына айналған ағартушы Ы.Алтынсарин, тұңғыш ғалым Ш.Уәлиханов, қазақ халқының рухани көсемі болған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Майлин, ақындар М.Хәкімжанова, С.Мәуленов пен Ғ.Қайырбеков, қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері Қ.Мұхамеджанов, аттары әлемге әйгілі ғалымдар Ө.Сұлтанғазин, М.Қозыбаев, К.Сағадиев, актерлер С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Ә.Боранбаев секілді және тағы басқа көптеген тұлғалар турасында құнды деректер қойылған. 

 

Көрмені қостанайлық суретші Александр Захарченконың өлкеміздің көрікті жерлерін бейнелеген суреттері және «Әдеби Қостанай» атты кітап сөресі толықтыра түскен.

 

 

 

 

Бетті дайындаған Нұрқанат НҮСІПХАН

суретті түсірген автор

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео