Жастар кеңесі –жаңаның бастауы

22 декабря 2016 - Веб-редактор
article12625.jpg

Лисаков қалалық «Алюминий Қазақстан» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кеніш басқармасының жанынан жастар кеңесі құрылған болатын. Бүгінде бұл кеңес кәсіпорындағы бірнеше іс-шараларды атқаруда және Краснооктябрь ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелерді шешуде белсенділік танытып жүр. Жалпы аталмыш кеңестің жұмысымен толығырақ танысу мақсатында жастар кеңес төрағасы, жақында Жастардың алтын кітабының лауреаты атанған Игорь ВАСИЛЕЦПЕН (бірінші суретте) сұхбаттасып қайттық. 

 

 

– Игорь Владимирович, «Алюминий Қазақстан» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кеніш басқармасының жанынан жастар кеңесі қашан және қалай құрылды?

 


– Бұл жастар кеңесінің құрылғанына көп уақыт болған жоқ. Кеңесті құрудың алғашқы бастамашысы осы кәсіпорынның бұрынғы басшысы Кемаль Усмановтың арқасында құрылды. Біздің кәсіпорында 2500-ге тарта адам жұмыс істейді. Солардың ішіндегі 500-ге жуығы жастар. Міне, сол жастарды қоғамдық жұмысқа тарту үшін жастар кеңесі құрылды. Ол үшін ең алдымен, кеңесте жұмыс жасаймын деген нақты адамдарды анықтап алу қажет болды. Сол себептенде, әрбір цехта, әрбір бөлімдегі жастарды жинап жиналыс өткізілді. Соның арқасында дауыс беру арқылы жастар кеңесінің төрағасы сайланды. Кейін кәсіпорыннан бұйрық шыққаннан соң жұмыс істеуді бастап кеттік. Бізде бас-аяғы 12 цех бар. Сол әрбір цехтан белсенді жастарды анықтап алуды жөн деп таптық. Содан соң, сол 12 адам жиналып бұйрық бойынша айына бір рет жиналыс өткізіп отырамыз.

 


– Сіздер белгілі бір жоспар бойынша жұмыс жасайсыздар ма? Әлде атқаратын қызметтеріңіз еркін бе?

 


– Әрине, біз белгілі бір жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Яғни мысалға, осы жарты жылдыққа құрылған жоспарымыз аяқталуға жақын. Сондықтанда 2017 жылға да басшылықтың рұқсатымен әзірлеп қойған жоспарымыз бар. Әр ай сайын жоспар бойынша жиналыс өткізіп, іс-шараларға байланысты туындаған мәселелер болса шешуге тырысамыз. Әрине, оның барлығы басшылықтың рұқсатымен атқарылады. Кей кездерде жоспардан тыс жиналыстарда өтіп тұрады. Мұндай басқосулар үлкен іс-шаралар өтер алдында болады. Оған қоса, жастар кеңесінің өзі бірнеше топтарға бөлінеді. Мысалға, әлеуметтік, спорт, мәдениет, ақпарат деген сияқты секторлар бойынша жұмыс жасаймыз. Ақпараттық топта үш-төрт адамдар жұмыс жасап, іс-шаралар туралы ұсыныстары болса соны жеткізіп отырады. Және оның сыртында бізге Кәсіподақ комитеті де үлкен көмек көрсетеді. Онда іске тәжірибелі мамандар бар, сол кісілермен жиі ақылдасып отырамыз.

 


– Осы уақытқа дейін жастар кеңесі қандай жұмыстар атқарды? Қандай іс-шаралар өткіздіңіздер?

 


– Біздің негізгі мақсатымыз тек кәсіпорын жұмыстармен шектеліп қана қоймай, мәдениет, спорт салаларына да өз үлестерімізді қосу болып табылады. Кәсіпорында алғашқылардың бірі болып 30-шы тамызда Ата заң күнінде «Ұлттық ойындар» фестивалі болды. Оған тек Лисаков қаласынан ғана емес, Қостанайдан, Рудныйдан да қатысуға ниет білдірген азаматтар жиналды. Бір күндік фестиваль асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, арқан тарту сынды төрт ұлттық ойын бойынша өтті. Оған біз Қостанайдан қазақша күрес, самбо сияқты спорт түрлерінің жаттықтырушыларын шақырдық. Ондағы мақсат, өткен іс-шараның маңыздылығын арттыру еді. Ол кәсіпорынның спорт кешенінде өтті. Фестивальды тамашалауға әр қаладан жиналған адамдар саны көп болды. Енді осы іс-шараны дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізіп отыруды жоспарлап отырмыз. Ал қазан айында «Зажги звезду» атты тағы бір іс-шара өткізілді. Онда вокалдық жанрлар бойынша қатысушылар сынға түсті. Яғни, олардың қатарында музыкалық аспаптарын ерте келгендерде бар. Бұл іс-шара ауылдық мәдениет үйінде өтті. Біз олармен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Жақында ғана жастар кеңесінің тікелей атсалысуымен «Краса КБРУ» атты сұлулық байқауы болды. Оған сегіз қыз бала қатысты. Біз оны дәстүрлі өтіп жүрген сұлулық байқауыннан өзгеше етіп дайындауға тырыстық. Қатысушылардың барлығы осы кәсіпорынның қызметкерлері болғандықтан, әркімнің өз жұмыс киімі бар. Соған орай байқаудың сән көрсету сайысын «Менің арманымдағы жұмыс киімі» деп атадық. Онда фельдшер маманы жеңіске жетті. Өте қызықты өтті, зал лық толы болды. Қалған қатысушыларда түрлі номинациялар бойынша сыйлықтарға ие болды.

 


– Осындай іс-шараларда кәсіпорын қызметкерлерінің белсенділігін арттыру үшін не істейсіздер?

 


– Біздің алға қойған ең бірінші мақсаттарымыздың бірі – ол ұжымға жаңадан қосылған жастарға көмек беру. Біріншіден, сол адам туралы мәлімет білу үшін анкета толтырылады. Яғни, онда аты-жөнін, туған жері, туған күнінен бөлек қызығушылығы, қандай оқу орындарында білім алды деген сияқты сауалдар бар. Сол арқылы біз ұжымға жаңадан қосылған адам туралы кішкене де болса мәлімет білуге тырысамыз. Және де бұрын кеңес уақытында болған тәлімгерлікті қайтадан жаңғыртқымыз келеді. Мысалға, қатарға жаңадан қосылған қызметкерге белгілі бір сұрақтар бойынша қайда және кімге бару керектігін айтатын тәлімгер, ал жұмыс орнына барғанда өз қызметі туралы бірдеңе түсінбей жатса, сол жағынан көмек беретін тәлімгерлер дайындау жоспарда бар. Және де болашақта біздің кәсіпорынға жұмысқа тұғысы келетін жастарға да кәсіпорын ішінде экскурсия өткізуді қолға алып жатырмыз. Мұндай экскурсиялар мектеп оқушыларының арасында жиі өтіп тұрады. Сол арқылы болашақта осында жұмыс жасауға ниет білдірген жандарды кәсіпорын өмірімен толықтай таныстырамыз.

 


– Кәсіпорынның болашақ мамандарын даярлауда тағыда қандай жұмыстар жүргізіледі?

 


– Мен атап өткен жұмыстардан бөлек, Краснооктябрь боксит кеніш басқармасының қаражатымен 23 адам білім алып жатыр. Олардың 17-сі РИИ-да, үш адам Екатеринбургта, ал бір адам Қарағанды қаласында тәжірибесін жетілдіруде. Яғни, ол азаматтардың барлығы Краснооктябрь боксит кеніш басқармасының грантын ұтып алғандар. Оқуларын аяқтаған соң, біздің кәсіпорынға келіп жұмыс жасайды. Демек, олар нағыз дайын маман болып келіп, сол аяқтаған білімдерін жұмыста көрсетеді. Үй жағынан қиындықтар туып жатса, кәсіпорын мұны да өз мойнына алады. Өйткені, тек кәсіпорын қызметкерлері тұратын алты қабатты үй салынып жатыр. Жаз айларында қолданысқа беріледі деген жоспар бар. Және де жалпы осында бұрыннан бері жұмыс істеп жатқан жоғары білімі жоқ жастар болса, жастар кеңесі оның сол білімін жетілдіруге де көмектеседі. Оны кәсіпорын қаржыландырады.

 


– Жастар кеңесінде неше жасқа дейінгі жастар жұмыс істейді? Оған кірудің белгілі бір талаптары бар ма?

 


– Мұнда 29 жасқа дейінгі жастарды қабылдаймыз. Ешкім бұл кеңеске міндетті түрде кіру керек деп талап етпейді. Әркім өз еркімен, кәсіпорын өміріне белсенді үлес қосу үшін қатысады. Мұндағы азаматтардың өздерінің жеке атқаратын жұмыстары бар. Яғни, біз өз жұмысымызды жасай жүріп, жастар кеңесінің міндеттерін атқаруға да үлгереміз. Демек, бізге ешкім ақша төлемейді. Біздің мақсатымыз, кәсіпорын өміріне жаңа леп қосу, осында жаңадан қосылған жандарға көмек беру. Түрлі іс-шаралар өткізу арқылы, мұндағы жастардың өз істеріне деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

 

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер Игорь ВАСИЛЕЦТІҢ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев