Қайырымды іс-шара

22 декабря 2016 - Веб-редактор
article12623.jpg

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Науырзым ауданында көптеген іс-шаралар атқарылды. Солардың бірі – әлеуметтік сала қызметкерлерінің «25 ізгі қайырымды іс» республикалық акциясы аясында ұйымдастырған іс-шара. Оның өзгелерінен ерекшелігі концерттік бағдарлама мүмкіндігі шектеулі балаларға арналғандығында. 

 

 

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың патриоттық сезімін оятып, еліміз туралы мәліметтер беру және Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында сыйлықтар табыстау. Өткізіліп отырған танымдылық іс – шараның балаларға берер тәлімі де ескеріліп, тәрбиелік мәнісіне ден қойылды. Сондықтанда бұндай балалардың кешке деген қызығушылыған ояту мақсатында акт залы да талапқа сай безендірілді. Әсем безендірілген акт залында әнұранмен ашылған мерекелік шара Қазақстан туралы бейнебаянмен жалғасты. Осы бейнебаян арқылы балалар Қазақ елінің қандай жетістіктерге жеткендігін көре алды. Кішкентай алақандарын жүрегіне қойып, сахна төріндегі туға қарап әнұранға қосылып әндетті бейбіт елдің тәуелсіз ұрпағы. Ширек ғасыр ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктері және Елбасының осы жолда сіңірген ерен еңбегі жайлы бейнебаянның соңы ұжым өнерпаздары өз күшімен даярлаған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Мұндай мерекелік шараны тамашалаған балалардың жүзінен қуанышты байқауға болады. Әр ән мен би сайын қосыла шырқап отырды. Кеш аяқталған соң концерттік бағдарламаны ұйымдастырушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дастархан жайды. Ұжым қызметкерлерінің балалаларға арнап жайылған мерекелік дастарханы да балалар көңілінен шыққандай. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім тәрбиелеу мақсатында осындай игі істер жиі атқарылып тұрады.

 


Фарида Мақсұтханқызы
суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии