Ел ерін ардақтайды

18 декабря 2014 - Веб-редактор
article5526.jpg

Биыл ауа райы қанша қолайсыздық тудырса да диқандар табандылық танытты. Жылды қорытындылап, жақында аудан аграрлары мәдениет үйінде бас қосты.

 

Сарыкөл ауданының диқандары аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күні мен ауыл шар-уашылығы қызметкерлері мерекесіне арналған бағдарламаны тамашалады. Егінші қауымның жыл бойы төккен терлері мен бейнетінің зейнеті ретінде марапаттар ұсынылып, сахна төрінен есімдері аталып жатты.
 
Мерекенің салтанатты бөлігіне облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзин қатысып, бірқатар еңбеккерлерді марапаттады. Сарыкөл ауданының әкімі Эльдар
Күзенбаев «Сарыкөл-ДорСтрой» ЖШС директоры Ваник Мелоян Тиграновичке облыс әкімінің грамотасын тапсырып, «Сарыкөл ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай, аудан әкімі алғашқы тың игерушілерге де гүлдер мен сыйлықтар табыс етті.
 
– Дербес мемлекет болу үшін біз тарихтың талай сындарынан өттік. Алайда, ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалды. Осы бір құндылықты сіз бен біз бағалай білсек деймін. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіріп, өзіміз де абыройлы елдің азаматы деген мәртебелі атқа лайық болуымыз керек, – деген жалынды сөздер айтты аудан басшысы.
Мерекелік шара көрермендердің ыстық ықыласына толы болды. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары халық-қа мерекелік көңіл сыйлады. Концерт соңында «Мәңгілік ел» әні әуеледі. Көпшілік ән әуеніне елітіп, тік тұрып қосыла шыр-қады. Сарыкөлдіктер Тәуелсіздік мерекесін осылай қарсы алды.
 
Руслан ӘЛКЕЙ
Сарыкөл ауданы
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео