Мемориалдық тақта қойылды

15 декабря 2016 - Веб-редактор
article12572.jpg

Күні кеше өңірге танымал журналист, жазушы, педагог, этнограф Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫНА арнап журналист тұрған Пушкин көшесі 92-ші үйге мемориалдық тақта қойылды. Күннің суықтығына қарамастан журналисті сыйлап келген адамдардың қарасы көп. Олардың қатарында, этнографтың туған-туыстары, балалары, елге белгілі журналист-жазушылар: Ақылбек Шаяхметов, Нағашыбай Мұқатов, ақын Серікбай Оспанов, сатирик Ғұмар Ахметчин, тарғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы да бар.

 

 

Журналистік қызмет атқара жүріп еліне ерен еңбегін сіңірген Сейіт Кенжеахметұлы Торғай-Тобыл өңірінің тумасы. Алғашқы еңбек жолын ұстаздықпен бастап, кейін журналистика бағытына бет бұрған тұлға бірнеше газеттерде қызмет еткен екен. Ол «Торғай тынысы», «Коммунизм таңы» (қазіргі «Қостанай таңы»), «Торғай таңы» газеттерінде тынбай еңбек етті.

 


1970 жылы алғаш рет облыстық ақындар мен жазушылар құрылтайында журналисті «Қазақ тілі» әдеби қоғамының төрағасы етіп сайлады. Сейіт Кенжеахметұлы өзінің туған жеріне, ана тіліне деген махаббатын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болып жүріп, студенттеріне бере білді.

 


– Сейіт Кенжеахметовпен біз 1966 жылы облыстық «Қостанай таңы» газеті алғаш ашылған кезде сонда басқосқан болатынбыз, – дейді сатирик-жазушы Ғұмар Ахметчин. – Торғайдан Сейіт Кенжеахметұлы, Серік Шайман, Жақсылық Жүнісов сынды азаматтар келді. Ол кезде барлығымыз жас едік. Көп ұзамай екі-үш жылдын кейін Торғай облысы ашылған соң Торғай азаматтарының барлығы да әрқайсысы бір-бір қызметтен жоғарылап, жан-жаққа кетті. Біз Сейіт Кенжеахметұлымен жолдас болдық, сырлас болдық, дос болдық. Оның 50,60,70 жылдықтарында бірге болдым. Оған арнап шығарған өлеңім де бар.

 


Сейіт Кенжеахметұлының өмірі осы қаламен тікелей байланысты. Ол «Коммунизм таңы» газетінде жұмыс жасаған жылдары осы үйде тұрып қызмет еткен, әрі қалалық және облыстық шараларға белсенді қатысқан.

 


– Құрметті әкемнің көзін көргендері, анамның қолынан ас ішкен, ел тұтқасын ұстаған ел азаматтары, ұрпақтарымның және балаларымның атынан Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет бөліміне ерекше алғысымды білдермін! – дейді журналистің қызы Зәмзәгүл Сейітқызы. – Әкемнің жасаған қызметін елеп-ескеріп жатырсыздар, баршаңызға тек биіктерден көрінуге жазсын!

 


Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожина журналистің туған-туысқандарына қала әкімінің құттықтау сөзін жеткізді.

 


Мемориалдық тақта ашылған соң, жазушының туған-туыстары мен дос-жарандары гүл шоқтарын қойды. Кейін Қостанай қалалық мешітінде марқұмның рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттерді түсірген автор 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев