Жігерлі жастар, жалынды жырлар

11 декабря 2014 - Веб-редактор
article5488.jpg

Ұлттық рухты, тіл мен дін тағдырын, жастар мәселесін жас ақындар өз жырларына арқау етті. Қостанайда өткен «Тәуелсіздік – тынысым» атты аймақтық студенттер айтысында бас жүлдені Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Сырым Әділбек иеленді.

 

Жыр бәйгесін ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Бастаманың басы-қасында халық ақыны Әсия Беркенова жүрді, қазылар алқасының төрайымы болды. Сонымен қатар, сөз додасына белгілі ақын-жазушылар Ғұмар Ахметчин мен Ақылбек Шаяхмет те төре-лік еткенін айта кеткен жөн. Ал айтысты ақын Нағашыбай Мұқатов жүргізіп отырды. 
 
Халық 14 ақынның өнерін тамашалады. Финалға үш жұп шықты. Қазылар жыр додасының соңғы кезеңіне өткендерге қайым айтыс үлгісін көрсету керек деген талап қойды. 
 
Арқалықтық Батырлан Сағынтаевқа, қостанайлық Дастан Беков пен Нәрия Ақбабақызына 20 мың теңгеден ақшалай ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Мәриям Хәкімжанова атындағы үшінші орынның жүлдесі (50 мың теңге) Л.Гумилев Еуразия ұлттық университетінің студенті Рауан Қайдаровқа берілсе, Бейімбет Майлин атындағы екінші орынның жүлдесін (75 мың теңге) аталған оқу орнының өкілі Нұрқанат Қайрат иеленді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы бірінші жүлде (100 мың теңге) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұланы Абзал Қабдрашқа бұйырды. Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықты (150 мың теңге) Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Сырым Әділбек жеңіп алды. Басқа қатысушылар да құр қол қайтқан жоқ, оларға 10 мың теңгеден берілді. 
 
Қоса кетейік, аймақтық студенттер айтысына Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.
 

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео