Озғандар облысқа барады

11 декабря 2014 - Веб-редактор
article5490.jpg

Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне арнап, Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығы «Мемлекеттік тіл және Елбасы» байқауын ұйымдастырды. Сегіз қатысушының арасынан Воскресенов ауылының намысын қорғаған Анастасия Смаковаяның бағы жанды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылардың барлығы да өзге ұлт өкілдері, тілдерді оқыту курсының тыңдаушылары. Алғашқы кезеңде ұсынылған та-қырып бойынша мемлекеттік тілде ауызша тұсаукесер жасау тапсырмасы қойылды. Сегіз қатысушы да сүрінген жоқ, слайд-тар арқылы Елбасының өнегелі өмірі, еңбектері туралы баяндады. Екінші сынақ кейбір үміткерлер үшін қиынға соқты. Берілген тақырыптар тыңдаушылар үшін таңсық емес десек те, жұп-жұпқа бөлініп диалог құру барысында жаңылысып жатқандар болды. Қазылар алқасы бұған кешіріммен қарады. Төрт жұптың ішінен Владимиров және Воскресенов ауылының сенімін арқалаған сайыскерлер ғана бас-аяғы бар әңгіме құрай алды.
 
Үшінші кезең – «Шабыт жұлдызы». Тыңдаушылар қазақтың халық және қазіргі әндерін орындап, өнерлерін паш етті. Бұл сында талантты қыз Анастасия Смаковаяның басқа қатысушылардан бір бас жоғарылығы анық байқалып тұрды. Оның үш кезеңде де жинаған ұпайы өзгелерден асып түсіп, бірінші орынға қол жеткізді. Екінші орынды Надеждин ауылынан келген Татьяна Бучковская иемденді. Үштікті Владимиров ауылының намысын қорғаушы Наталья Яночкина түйіндеді. 
 
– Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне алғысым шексіз. Тыңдаушылардың мемлекеттік тілді білу деңгейі өскені көрініп тұр, – деді қазылар алқасының төрағасы, аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Мұхтар Әбдіғамидов сайыс қорытындысында.
 
Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері алдағы уақытта облыста аудан абыройын қорғайтын жарыстарға жіберіледі.
 
  
Асыл ҚАСЫМ
Қостанай ауданы 
 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео