Кәсіпкерлік өрістеп келеді

7 декабря 2017 - Администратор
article15538.jpg

Алдыңғы апта Арқалық қаласы үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалығымен семинар өтті. Онда өңірдің оңтүстік аудандарында шағын және орта бизнестің дамуы тұрғысында ауқымды мәселелер талқыланып, маңызды тақырыптар қозғалды. Жиын бизнеске енді қадам басқан жандар үшін пайдалы ақпаратқа толы болды. Семинардан соң, қаладағы алғашқы, әрі жеке «Жанұям» атауындағы медициналық орталықтың ашылуы өтті.

Арқалық қаласында өткен жиынға Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен жолға қойылған моноқалалар мен шағын аудандарды дамыту жұмыстары арқау болды. Өйткені, бүгіндері облыстың экономикалық-әлеуметтік саладағы дамуында Арқалық қаласы мен Жангелдин, Амангелді, Науырызым сынды аудандардың үлесі басым. Бұл аймақтарда халық бизнес ашып, кәсіпкерлікті арттыруға белсене кіріскен. Тұрғындардың күнкөріс көзіне айналған шаруашылыққа бүгінде үкімет тарапынан айтарлықтай қолдаулар көрсетіліп келеді. Сол себептен, «өз жеке кәсібімді ашып, туған өлкеме пайда келтіремін» деп ниет білдіруші жандар мемлекеттен қолдау табу үшін қай бағдарламаға жүгінген тиімдірек боларын білмей дағдарады. Міне, осындай мәселердің алдын алу мақсатында өткізілген семинар бірнеше сауалға жауап іздеп көрді.

Аталмыш жиынға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығы, Азия даму банкінің өкілі, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардан адамдар қатысты. Семинарға төрағалық еткен Мейіржан Мырзалиев облыстағы оңтүстік аудандардардағы кәсіпкерлік тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Бүгінгі жиынға өзім атап өткен аудандардың басшылары мен кәсіпкерлері де қатысып отыр, – дейді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев. – Үстіміздегі жылдың маусым айында Теміртау қаласында Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Кеңесте осы аудан әкімдері бірқатар тапсырмалар алған болатын. Семинар барысында ол тапсырмалардың орындалу деңгейі жөнінде де сөз қозғалмақ. Одан бөлек, облыс биылғы жыл ішінде халықаралық қаржылық ұйымдарымен де жақсы байланыс орнатып, келіссөздер жүргізуге тырысты. Соның дәлелі ретінде, «Азия даму банкі» Қостанай облысындағы шағын және орта бизнесті дамытуға 150 млн теңге көлемінде грант бөлгенін атап өтуге болады.
 


Облыс әкімінің орынбасары сөз арасында Арқалық қаласы мен аудандарда биылғы жылы жүзеге асқан жұмыстарды саралап өтті. Мысалға, үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен Амангелді ауданына автокөлік  жолдарын жөндеу үшін 2,5 млрд теңге қаражат, ал республикалық бюджеттен аудандағы екі ауылдың сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту үшін бір млрд теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар, Жангелдин ауданына да халықты сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 320 млн теңге бөлінген. Аталмыш  ауданындағы жағымды жаңалық мұнымен таусылмайды. Жыл аяғына дейін Торғайда кәсіби техникалық колледж ашылмақ. Сол арқылы 35 жаңа жұмыс орны құрылып, жыл сайын 200-ге тарта студенттер білім алмақ. Ал Арқалық қаласында екі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, екі ғимарат күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, онда жеке медициналық орталық ашылған.

– Мұндай атқарылып жатқан жұмыстар кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, онда тұрғындардың тұрмыстық деңгейін жақсартады, – дейді облыс басшысының орынбасары. – Жоғарыда аталып өткен аудандар ішіндегі кәсіпкерлік саласында белсенділік танытып отырған аудандар деп Амангелді және Жангелдіні атар едім. Мұнда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты көптеген жобалар орындалып келеді. Жалпы, облыс бойынша бұл көрсеткіш 74 пайыз болса, Амангелді ауданында 90,5%, Жангелді ауданында 89,5%, ал Науырызым ауданында 85,3%-ды құрап отыр. Аталмыш көрсеткіштерге сүйене отырып, ондағы халықтың бизнеспен шұғылдануға деген құлшынысын, белсенділігін аңғаруға болады. Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Алайда, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында халық арасында көптеген мәселелердің туындағаны ешкімге жасырын емес. Олар да осы семинарда өз шешімін таппақ. Биылғы жылдан бастап облыс әкімдігімен «Азия даму банкі» сияқты халықаралық қаржылық ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі таңда 2018-2022 жылдар аралығындағы шағын және орта бизнестің дамуына арналған жоспар құрылып, талқылану үстінде.

Оңтүстік аудандардағы кәсіпкерлікті шыңдауға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да көмек беруге әзір. Бұл туралы жиында оның басқарушы директоры Қуаныш Ұласбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда қор өңірдің қай саласына өз қаржылық көмектерін ұсынатындары жөнінде жұмыстар жүргізуде.

– Облыстың оңтүстік өңіріндегі аудандарда жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз бар, – дейді Қуаныш Ұласбеков. – Мысалға, Арқалықта шамамен алғанда 2 800-ге тарта шаруашылық субъектісі мен үш мыңға жуық үй шаруашылығымен айналысатын тұрғындар тіркелген. Атап айтқанда, олардың ішінде 298-і заңды тұлғалар түріндегі кәсіпорындар болса, 2 118 жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, ал 382-сі шаруа қожалықтары болып отыр. Заңды тұлғалар санатындағы кәсіпорындардың тек 130-ы ғана белсенді салық төлеушілер, ал 39 кәсіпорын несиелік тарихқа ие. Міне, осындай топты біз өзіміздің жаңа жобамыздан көре аламыз.
 


«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірдегі аудандардың кәсіпкерлік деңгейлеріне сараптама жүргізіпті. Олар оңтүстік аудандардың басымды жақтары ретінде қалыптасқан ауыл шаруашылық саласы және Шұбаркөлге Теміржол қатынасын ашуды атап өтті. Дегенмен де, алдағы уақытта өндірістің өсуіне жаңа көздер іздеу керектігіне тоқталды.

Семинар барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қоя алды. Сондай-ақ, баяндама оқушы әр адам маңызды ақпараттар бере алды. Жиын аяқталған соң облыс әкімінің орынбасары Медициналық орталықтың ашылуына қатысты.

Жуырда Арқалық қаласында жеке, әрі тұңғыш медициналық орталық ашылды. Енді тұрғындар өзге қалаларға сабылмай, қаланың өзінде сапалы ем-дом ала алады. Бұрындары Қостанай және Астана қалаларына жолдамамен баратын халықтың аталмыш медициналық орталық  көз қуанышына айналып отыр.
 


Оның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Мейіржан Мырзалиевтың айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өтілген халық үшін маңызды нысандарды ашу, халыққа көмек көрсетуге жататындығына тоқталып өтті.

– Облыс бойынша медицина саласының мамандары тапшы екендігі баршаңызға мәлім, – дейді облыс басшысының орынбасары. – Сол себептен де, Қостанай облысына келіп жұмыс жасаймын деуші маманға 1,5 және 2 млн теңге көлемінде қаражат бөлінетіндігі айталған еді. Соның арқасында, жаңадан іргетасы қаланған медициналық орталық үш тәжірибелі мамандармен толықты. Жалпылай алғанда, жыл аяғына дейін өзге облыстан Арқалық қаласына жеті, Науырызым ауданына төрт және Жангелдин ауданына бір маман келетін болады. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.

Үш қабатты ғимарат барлық талапқа сай. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақталған денсаулық сақтау мекемесі бір ауысымда жүз адамды қабылдай алады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан жоба құны – 100 миллион теңгені құрап отыр.

Жоғарыда аталып өткендей, медициналық орталық өзге өңірлерден келген жас мамандармен толыққан. Олардың қатарында, Шымкент қаласынан келген окулист – Әсет Әбішев те бар. Бұған дейін Жамбыл ауданында қызмет еткен жас маманның бес жылдық тәжірибесі бар. Көгілдір экраннан Арқалық қаласына маман керектігін көрген ол бірден хабарласқан. Бүгінде отбасымен осында бір ай бұрын көшіп келіп, жұмысына да кірісіп кеткен. Аз ғана уақыттың ішінде өз жұмысына сүйсіне қарайтын маман, өздеріне көрсетіліп жатқан көмектердің айтарлықтай зор екендігіне тоқталды. Баспанаға да орналасып, қалаға да үйренісіп қалған. Өз ісін сүйетін Әсет Әбішев жас маманның кез келген жерге қажет болатындығын айта өтті.

Жаңа медициналық орталықтың құрылысын жүргізген «Арсенал» ЖШС-нің айтуынша құрылыс жұмыстарына 50 млн теңге қаражат кетсе, осынадай сумма жаңа медициналық құрал-жабдықтарды алуға жұмсалыпты.

Алдағы уақытта сырқатына ем іздеген халық «Жанұям» медициналық орталығындағы терапевт, кардиолог, невропотолог, окулист, гинеколог  сынды тәжірибелі мамандарға жүгінетін болады.

Ақбота САҚҰЛОВА

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев