Мемлекеттік шекара күні

2 декабря 2016 - Веб-редактор

Еліміз саясат мәселесінде өзіндік бағыт, өзіндік жол ұстанып отыр. Ел аумағымен шектесетін Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан мемлекеттерімен шекара мәселесін біржола шешіп, халықаралық құжаттармен бекітті. Өткен 25 жыл ішінде Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығына, Мемлекеттік шекарамыздың беріктігіне күн демей, түн демей өз үлестерін қосып жүрген шекарашыларымыздың да еңбегі өте зор. Осыған орай жақында балалар шығармашылық үйінде «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндер іс-шаралары аясында мемлекеттік шекара күні аталып өтілді.

 

 

Жиын басталмас бұрын залда мемлекеттік шекара қорғаушылардың техникалық құрылғылары және қарулары қойылған көрме өтті. Салтанатты жиналысты ашу үшін ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі «Солтүстік» Өңірлік басқармасының бастығы, полковник Жәнібек Төлебаев сөз сөйлеп, шекарашыларды мерекелерімен құттықтады.

 


– Еліміздің шекараға қатысты саясаты халықаралық қор, ұлттық заңнама және әлемдік тәжірибе қағидалары мен нормаларына негізделген, – дейді полковник Жәнібек Төлебаев. – Тәуелсіз Қазақстанның шекарасын күзету біздің мемлекетіміздегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жалпы жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ең алпауыт мемлекеттер Қытай және Россиямен шекараласады. Сондықтанда шекара қорғауда біздің жауынгерлерімізге үлкен көмек көрсеткендері үшін шекара аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарды атап өтуге болады. Осыдан-ақ, шекараны тек жауынгерлер ғана емес, халық болып қорғап жатқанымызды түсіндік. Осындай ерен еңбектері үшін ардагерлерге, әріптестерге алғыс білдіре отыра, мерекелерімен құттықтаймын!

 


Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғәуез Нұрмұхамбетов шекара қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты мемлекеттік шекараны қорғауға қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің мақтау қағазымен марапаттады. Кейіннен дәл осы бағытта бірнеше шекара қызметкерлері қала әкімінің грамотасына ие болды.

 


– Мен сонау Кеңес үкіметі орнап тұрған уақытта шекарашы қызметін атқардым, – дейді 90 жастағы ардагер-шекарашы Андрей Шаров. – Ол кезде біздің мемлекетіміз егемендігін алмаған кез. Ешкім Қазақстан деген ел барын білмейтін еді. Бүгінде елімізді әлем таниды. Соған шүкіршілік етемін. Ал енді менің ізімді жалғап келе жатқан жастарға айтарым, өз қызметтеріңе адал болыңдар. Сендерді бүгінгі және алда келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймын.

 


Мерекелік іс-шарада қалалық өнерпаздар, шекара қызметкерлерінің балалары, жауынгерлер өнер көрсетті.

 


Ақбота Сақұлова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев