Халқымен қайта қауышқан өнер

2 декабря 2016 - Веб-редактор
article12432.jpg

Облыстық мәдениет басқармасы және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» атты аймақтық жастар айтысы болып өтті. Жыр бәйгесіне өңірлік жастардан бөлек, Павлодар, Орал, Қарағанды қалаларының ақындары да қатысты. 

 

 

Ақындар айтысының ашылу салтанатында облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Есжанов құттықтау сөз сөйлеп, барша ақындарға сәттілік тіледі. Бұл өнерге әбден сусап қалған халықтың қарасы көп. Ал жиылған жұртты ауызына қаратқан жас ақындар да айтар ойларын пысықтап келгенге ұқсайды. Көрермен демеуімен сөз бастаған ақындар Тәуелсіздіктің 25 жылдығын жырларына арқау етіп, 25 жыл ішіндегі қазақ елінің күреске толы жылдары мен бұралаң соқпағы көп жолдардан өткендігін тілге тиек етті. Оған қоса, санаулы минуттарда дүркіретіп аталып өтілетін тәуелсіздік күнімен құттықтады. Аталмыш жыр бәйгесін ақын Марғұлан Оспанов жүргізді. Бұл Аламан айтыстың мақсаты – халқымыздың баға жетпес ұлттық өнерін, мәдени мұрасын кеңінен насихаттау еді.

 


Жыр додасына түскен он ақын да бұған дейін бірнеше аламан бәйгеге қатысып, кестелі сөзбен халықтың көңілінен шыға білген жастардың қатарында. Олардың ішінде сүбелі сөзбен ел құлағына жаққан арқалықтық Батырлан Сағынтай, қостанайлық Нәрия Ақбабақызы, Семейден келген Серік Қуанған, павлодарлық Нұрқанат Қайрат бар.

 


Аламан айтысқа Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, сатирик-жазушы Ғұмар Ахметчин, белгілі қаламгерлер Нағашыбай Мұқатов, Әлпия Орманшина және Абылай Мауданов қазылық етті.

 


Бірнеше сағатқа созылған тартысты бәйге аяқталып, қазылар алқасы жеңімпаздар есімін жария етті. Бірінші орын – Павлодардан келген Нұрқанат Қайратта. Оның қоржынында – 250 мың теңге. Екінші орын алып, 200 мың теңгемен семейлік Серік Қуанған қанжыға майлады. Үшінші орын мен 100 мың теңге ақшалай сыйлық арқалықтық Батырлан Сағынтайға табыс етілді. Ал жыр додасының бас жүлдесіне лайық деп танылған қостанайлық Нәрия Ақбабақызы 500 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 


– Бұл айтыс жоғары деңгейде өтті, – дейді жыр бәйгесінің жеңімпазы Нәрия Ақбабақызы. – Аты аймақтық болғанымен, сырт қалалардан ақындардың келуіне байланысты республикалық жыр додасы өткендей сезімде болдық. Бізге көрермендердің қолпаштап отырғандығы шабыт берді. Елдің көкейінде жүрген бірқатар мәселелер көтерілді. Өзім шыны керек, бақ шаба ма, бап шаба ма деп отырдым. Бірақ, бұл жолғы жүлде маған бұйырған екен, қуаныштымын!

 


Алғашқы үштікке кірмесе де, лайықты өнер көрсеткен қалған ақындар да құр қол қайтқан жоқ. Айтыста Ыбырай Алтынсарин атындағы арнайы сыйлық арқалықтық Қайролла Хафиз бен қарағандылық Нұрмұхаммед Байсүгіровке тапсырылды. Өзге қатысушылар Бекболат Қаленов, Әуезхан Ернұр, Нұрсұлтан Қасым, Айбар Рағатовтар мақтау қағаздары және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев