Іс-шараға толы апта

27 ноября 2014 - Веб-редактор

«Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі Қостанай ауданы мүгедектерімен семинар өткізді. Бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлова мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған бірталай мағлұматтармен бөлісті.

 

Бүгінде мүгедек жандардың белсенділігі байқалады. Әйтсе де, олардың ішінде жұмыс тап-пай дағдарып жүргендер жоқ емес. Күнделікті тірлікте де кезігер мәселелері аз емес. Семинар барысында сондай кездерде тығырықтан шығу амалдарын үйретіп, кеңестер берілді. Аруна Жақсығұлова «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі әрдәйім көмек келуге дайын екенін жеткізді. 
 
Таяуда Қарабалық ауданында дүниежүзілік балалар күніне орай, мүмкіндігі шектеулілер арасында облыстық жастар шығармашылығы фестивалі өтті. Оған Қостанай ауданынан Адель Әлім ән айту номинациясы бойынша қатысып, тамаша өнерімен көзге түсті. Көрмеге Серік Төлегенов пен Диана Машикованың жұмыстары қойылды. Жерлестеріміз дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Солайша, Қостанай аудандық мүгедектер қоғамының мүшелері үшін өткен апта іс-шараға толы болды.

Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ
Қостанай ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео