Ауданның белсенділігі – қауымның жемісі

23 ноября 2017 - Администратор
article15423.jpg

Бүгінде Жангелдин ауданы жағымды жаңалықтарымен қуантуда. Аудан әкімі Шота ОСПАНОВ бірқатар ауқымды жұмыстар орындалып келеді. Соның арқасында аудан жастары мен үлкендері кез келген іс-шараларға белсене атсалысады. Соның маңыздыларына тоқтала өткенді жөн санадық.

Жангелдин аудандық ішкі саясат бөлімі аудан жастарының діни сауаттылығын арттыруға бағытталған арнайы жоба ұсынған болатын. Жобаны аудандық «Жалын жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі қорғап, бүгінгі күнге дейін кезең-кезеңімен іске асырып келеді. Нақты дәлел ретінде, аталмыш қоғамдық бірлестік ауыл, ауылдық округтерді аралап, діни экстремизм мен терроризмнің болдырмау және аудан, ауыл жастарының діни сауаттылығын айқындау мақсатында сауалнамалар үлестіріп, нәтижелі үгіт – насихат жұмыстарын жүргізген. Ауылдарда жүргізілген үгіт – насихат жұмысына Қостанай облысы бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Әсет Нұғыманов, Федоров ауданы мешітінің бас иамамы Есет Ғабдімәліков арнайы келіп, өз ойларымен бөліскен.

Діни сауаттылықты арттыруға бағытталған жобадан қанықты мағлұмат алған жастар қызу пікір таластың басты кейіпкерлеріне айнала білді. Аталған жобаны қорытындылау мақсатында аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мұражайда кездесу болды. Оған қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, Торғай ауылы ардагерлерінің төрағасы Жылқыбай Бәкіров, Рауыл Ахметжанов, «Оспанқожа әулие» мешітінің бас иамамы Рүстем Әмірханов және наип имамы Аян Хасенов жас ұрпақтың келешегі үшін келелі әңгіме өрбітті.

Жат ағымның жетегіне ерген жастар бұл фәниден еш опа таппайтындығы баса айтылды. Әлеуметтік желілерде ашылған саны көп сапасы жоқ топтардың арбауына абайсыз түсіп қалмауларын ескертті. Тек Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының арнайы сайтына кіріп, дұрыс жолды бағыттайтын мағлұмат алуларына кеңес берді. Теріс ағымға арбалған адамдардың діни сауаттылығы болмағандықтан дұрыс бағыттан ауытқып жататындығы да сөз болды. Менің ойымша бұдан да бөлек себебі бар сынайлы. Ұмыт болып бара жатқан салт – дәстүрімізді қайта жаңғыртып, ана тілімізді ардақтау үшін аудан көлемінде тәрбиелік маңызы бар іс – шаралар және аудандық мәдениет үйінде кең ауқымды дөңгелек үстел отырысын өткізіп, пікір таластар ұйымдастырса деген ұсыныстарын ортаға салды. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тамаша Қабажаева жастардың қоғамда алар орны мен белсенділігі жайында баяндама жасады. Сонымен кездесуді қорытындылай келе сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алма Әбішева үгіт – насихат жұмыстары әлі де жалғасындығын айта келіп, жыл басынан бері ақпараттық – насихаттық топтың жұмысына белсене араласып, ғибратты әңгімелерімен бөлісіп, асыл дініміздің ерекшеліктерін баяндап, жас ұрпақтың санасына ой сала білген аудандық ақпараттық – насихаттық тобының мүшелері Аян Сәбитбекұлын, Рүстем Исламұлын, Тамаша Қабажаеваны алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлық тапсырды.
 


2013 жылы аудан әкімінің жанынан құрылған ақпараттық – насихаттық топ мүшелері бүгінгі күнге дейін жергілікті жерлерді барып, ондағы тұрғындармен жүздесіп, талай мәрте кездесулер өткізді. Соның нәтижесінде аудан бойынша жат ағымның жетегінде кетіп, немесе терроризмнің құрбаны болған жастар кездеспейді. Бұл ақпараттық топтың нәтижелі жұмысының жемісі деп айтуға әбден болады. Қазір таңда аудан орталығындағы мешітке жұма күні бара қалсаңыз құлшылық етіп, ғибадат жасап жатқан жамағаттың 95 пайызы жастар.

Жуырда аудан әкімі Шота Оспанов аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездескен. Жиында әкім Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының мән-маңызына, ондағы басымдықтарға кеңірек тоқталып, аудан кәсіпкерлерін туған жерді түлетуге үлес қосуға шақырды.

– Туған жер деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде шабыт пен сезім ұялайтыны белгілі, – деді Шота Оспанов өз сөзінде. – Себебі, адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәніне келетін болсақ, Ел Президенті бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Ендеше, бұл істе аянып қалмай, туған өңірді көркейту жолында бірігіп еңбек етейік.
 


Кездесу барысында аудандағы азық-түлік, басқа да қажетті өнімдердің нарықтағы бағаларын тұрақты ұстап тұру мәселесі де сөз болды.

Өз кезегінде аудан кәсіпкерлері азық-түлік, отын-су, облыс орталығына қатынайтын такси көліктеріне қатысты мәселелерді ортаға салып, олардың бағалары бүгінде шарықтап тұрғанын жасырмады.

Шота Сәбитбекұлы бұл мәселелерге бейжай қарамайтынын, оны шешуде бірігіп жұмыс істеу керектігін айтты.

Сондай-ақ аудан әкімі Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бұл проблемаларды шешу жолында белсене жұмыс істеп жатқанын, Шұбаркөл көмірі Арқалық арқылы арзандатылған бағамен тасылып жатқанын, дегенмен, отын-сумен қамтамасыз етуді әуелі күнкөрісі төмен, аз қамтылған отбасылардан бастап жатқандарын, кейін ауданның барлық халқы көмірге қол жеткізетінін жеткізді.

Шара барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан ұсыныстар да айтылды. Мәселен, кәсіпкер Кәмпит Елеуітова әлеуметтік желілерде туған Торғайға қатысты түрлі жазбалар шығып жатқанын айта келе, ата-баба аруақтарына арнап құран бағыштау қажет деген ойын ортаға салды.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Шота Оспанов өңірдегі кез келген мәселені оңтайлы шешу үшін ауданның әрбір азаматы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істеу қажеттігін еске салды.

Ал аудан орталығынан бірнеше қашықтықта орналасқан Шилі ауылында аса көрнекті ақын Қайнекей Жармағанбетов атындағы орта мектептің (Бостандық мектебі) 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Жанкелдин ауданының Білім бөлімі қолдау көрсеткен шараның өтуіне осы мектептің түлектері мұрындық болған.

Айта кетейік, семинар басталмай тұрып шараға жиналған қонақтар зират басына барып, аруақтарға арнап құран оқыды.

Бұдан әрі меймандар семинар жұмысына қатысты. Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов сөз алып, бүгінде ғасыр толып отырған білім ордасының ұжымын 100 жылдық мерейтойларымен шын жүректен құттықтады. Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы: «табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген жолдарынан үзінділер келтіріп, оқушыларға қарата бәсекеге қабілетті болу үшін сапалы білім алу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ семинар барысында Сұлташ Оспанғалиев «Бостандық» мектебінің тарихына шолу жасап, құнды деректермен бөліссе, Әлмұхаммед Оспанов шығармашылығы туралы жас ғалым Батырлан Сағынтаев баяндама жасады. Облыстық білім басқармасынан келген өкіл Айман Игісінова аталмыш басқарма басшысының ыстық лебізі мен құттықтау хатын жеткізді. Сонымен қатар Ә.Оспановтың ағартушылық қызметі туралы Айнагүл Мұхамбетжанова, ал Бостандық мектебінің, яғни, бүгінгі Қ.Жармағанбетов атындағы білім ордасының бүгінгі келбеті туралы мектеп директоры Дастан Әмірханов сөз сөйледі.

Семинарға арнайы келген қонақтар мектеп ғимараты мен музейді аралап, ақындар айтысын, ұстаздар мен шәкірттері ұйымдастырған көрмені тамашалады. Сондай-ақ қазақ күресі сайысын көріп, бір серпіліп қалды.
 


Қадірлі меймандар білім ордасының үздік шәкірттеріне шәкіртақы тағайындаған. Семинар соңында Ас беріліп, жиналғандар ғасыр толған мектептің тарихы, ұстаздары туралы сөз қозғап, өз естеліктерімен бөлісті. Аудандық мәслихат хатшысы Серік Нұрғазин келген қонақтарға өз алғысын білдірді.

Бүгінде бір ғасыр толып отырған білім ордасының тарихына аз-кем тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз.

Киелі Торғай жеріндегі білімнің қара шаңырақтарының бірі – Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектеп тарихы сонау 1917 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы – «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 11 маусымдағы №233 санында «Бостандық мектебі» атты мақала жарық көреді. Мақала авторы жерлесіміз – ағартушы, ақын әрі журналист Әлмұхаммед Оспанұлы. Ол 1886 жылы Торғай уезі Тосын болысының 4-ші ауылына қарасты «Сасықсор» қыстауында дүниеге келген. 12 жасына дейін ауыл молласынан оқып, сауатын ашады. Содан кейін 17 жасында Торғай қаласындағы 6 жылдық орыс мектебінің 4-класына қабылданып, оны 1905 жылы бітіреді. «Расулияны» 1916 жылы бітіріп, Торғайға оралады. 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағанан кейін туған жері – «Бестау», «Суықбұлақ», «Шилі» маңындағы «Үшқарасу» басындағы мешітті «Бостандық» мектебі деп атап, ауыл балаларына орысша-қазақша білім береді.

Әлмұхаммед Оспанұлы жалған жаламен 2 рет түрмеде отырады. 1941 жылы Троицкіде ағартушы «халық жауы» ретінде ұсталып, үшінші рет темір торға тоғытылады. 1948 жылы босап шығып, Пайғамбар жасына келгенде елге оралып, жұртшылықты имандылыққа үндейді. Әлмұхаммед Оспанұлы туған жері Шиліде 1966 жылдың 18 шілдесі күні дәл 80 жасында қайтыс болады.

Торғай уезі бойынша «Бостандық» мектебінен 75 адам мұғалімдік куәлік алып шыққан екен. Әлмұхаммед Оспанұлы осы курста А.Байтұрсынұлының емлесін алғашқылардың бірі болып қолданып, сабақ берген.

Бүгінде аса көрнекті ақын Қайнекей Жармағамбетов есімімен аталатын білім ордасынан талай тарлан түлеп ұшқаны анық. Әйгілі ақын Әбіқайдың баласы – әңгімешіл, шежіреші, бір өзі бір театр болған Ахметқан ақсақал, Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романының бас кейіпкерлері – мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Мұқанов, белгілі ақын Серікбай Оспанов секілді танымал тұлғалар қанаттанды. Қазақ халқының мақтанышына айналған тұлғалар еліміздің әдебиет – мәдениет, ғылым – білім, өнер, экономика салаларын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.

Ұлы тұлғаларды түлеткен қара шаңырақтың бүгінгі ұстаздар қауымы да осы үлгілі істерді абыроймен жалғастыруда.

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев