Конфессияаралық татулық – кемел келешек кепілі!

16 ноября 2017 - Администратор
article15375.jpg

Жер жаһандағы бір де бір дін зұлымдықты, соғысты, ұлттар арасындағы араздықты насихаттамайды. Бірақ сенімді желеу етіп, дін туралы көзқарасы таяз топты айдап салып, болмаса ақша ұстатып мақсатқа пайдаланатындар бар. Олар – экстремистер, лаңкестер, есірткі тасымалы мен қару-жарақ саудасын қыздырған қылмыстық ұйымдар. Дінді желеу етіп, басқа мақсатқа пайдалатындардың арасында пиғылы арам адамдар да бар, – дейді дін өкілдері. Қостанайда жуырда өткен басқосуда адамзатқа ортақ рухани мәселелерді дін көшбасшылары бірлесе отырып шешуі керектігін тілге тиек етті.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің басқарма басшысы Мейрам Иманбаевтың айтуынша, әлемдік әлеуметтік желілер діндер мен дін қызметкерлеріне қарсы толассыз шабуылға толып кеткенін көрмей қалуға болмайды. Әлемдік діндердің барлығы да сабырға, шыдамдылық пен ұстамдылыққа шақыруда, адамдар арасында қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік пен келісімге үндейді. Әлемнің басқа діндері секілді ең толерантты діннің бірі – бұл ислам. Исламды экстремизм мен лаңкестіктің кез келген формасын ақтау үшін пайдалануға тырысу – күпірлік. Осынау күрделі кезеңде барлық діни қайраткерлерді өз жамағаттарын татулық пен келісімге, толеранттылық пен кешірімділікке үндеуін еселей түсуге шақырды.

Дінаралық достықты нығайту – ортақ міндет. Жастардың діни сауаттылығын арттыру да бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Облыстық Дін істері жөніндегі басқарма ұйымдастырған жиында өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Мақсат – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің келісті болуы. Қостанай облысы Дін істері департаментінің басшысы Жанболат Үмбетов айтқандай, дін – зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі. Сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделі. Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін діни сауаттылық мәселесі аса өзекті болып отыр.

Қазақстан – жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың ұясына айнала білген ұлы мекен. Елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің дәстүрі мен мәдениетіне, тілі мен дініне ешқандай шектеу қойылмаған. Зайырлы ұстанымның арқасында бір ғана астықты аймақта осы күні 115 діни бірлестік жұмыс істейді.

Жиында айтылғандай, жалпы атқарылған шаралар нәтижесіз емес. Мысалы, ақпараттық-үгіт насихат тобының жұмысы туралы қостанайлықтардың 43 пайызы хабардар екен. Әсіресе, Арқалық, Рудный, Қарабалық, Сарыкөл, Денисов аудандарында ақпараттық жұмыс жоғары деңгейде жүргізілген.

Өңірімізде барлық өзге ұлт өкілдерінен құралған бірлестіктер түрлі іс-шараларға белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді. Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді.
 


Қазақ еліндегі тұрақтылық пен тыныштыққа әлем елдері қызыға қарайды. Ұлан-ғайыр елімізді мекен еткен сан алуан ұлт өкілдері бағзыдан бері бір шаңырақ астында татулығы жарасқан қалпы өмір сүріп келеді. Дінаралық татулықты қалыптастыруда да игі шаралар жүзеге асырылуда. Осының бәріне Елбасының ұстанған кемел саясатының арқасында қол жеткіздік,-дейді жиынға қатысушылар бірауыздан.

– Республикамыздың барлық облыстарында бүгінде «Қоғамдық келісім» үйлері жұмыс істейді, 960-қа жуық этно-мәдени бірлестік бар, – деді жиында сөз алған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің басқарма басшысы Мейрам Иманбаев. – Жастарға, балаларға өз тілін, мәдениеті мен тарихын оқып-үйрену мүмкіндігі берілген. Сол арқылы біз бүкіл Қазақстан халқын байыта түсеміз. Мұндай тәжірибе еш жерде жоқ. Әлемнің әр түпкірінен келетін байқаушылар Ассамблеяның бірегей тәжірибесін өзге елдерге тарату керектігін айтуда. Біз мемлекетімізді бірге құрып жатырмыз, біздің ортақ міндетіміз Қазақстанды бәріміз үшін жайлы мекенге айналдыру.

Оның сөзінше, сонымен қатар Елбасы жастарымызға ұлттық тәрбие беруге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Түрлі конфессия өкілдері және бар. Дәстүрлі дініміз ислам болғанымен соңғы кезде жат ағымның жетегінде адасып жүрген жастарымыз төбе көрсетіп жүр. Олар Қазақтың ұлттық салт дәстүріне сай емес әрекетке барып, көпті адастыруда. Президентіміз мұндайлардың ел ішіне ірткі салуларына жол берілмейтінін ескерткені мәлім. Бұл ретте имамдарға артылған жүк ауыр. Олар білімге көп көңіл бөліп, өзге де діндерден хабары болуы керек.

Қоғам мүшелерінің рухани білім деңгейі – құқық қорғау қызметкерлерімен қатар дін өкілдеріне де тікелей қатысты түйткілді тақырыптардың біріне айналып отыр осы күні. Сол себепті, дәстүрлі дінімізді дәріптеп, дұрыс пен бұрыс ағымды ажырата білуге бағытталған дәрістер, кездесулер ұйымдастырылуы тиіс. Айта кетейік, бұл ретте, жалпыұлттық жоспарға сай, өңіріміздің аудан, қалаларында жастарды отансүйгіштікке баулитын, ұлттар мен ұлыстардың достығын дәріптейтін түрлі шаралар көптеп өткізіліп келеді.

«Біртұтастық – біздің басты құндылығымыз»,– дейді Елбасы әр жолдауында. Дамыған отыз мемлекеттің қатарынан көріну үшін ең бірінші ел ішінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің келісті болуы шарт. Әсіресе, дінаралық достықты нығайту – отандастардың ортақ міндеті. Діни дүрдараздықтың дүмпуіне жол бермеудің басты амалы – рухани сауаттылықты қалыптастыру. Дәстүрлі дінді дәріптейтін, ақ-қараны ажыратып, тура жолға жетелейтін жиындар да ел аумағында жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аға буынның сауаттылығы басым болса, кейінгі ұрпақтың кері жүрмесіне кепілдік көп. Сондықтан, бұндай басқосулардың үзілмегендігі ләзім. Осыған орай, біз де көптеген кездесулер өткізіп, жас буынның шалыс баспауын басты назарда ұстаудамыз,– дейді дін өкілдері.

Айта кету керек, нағыз мұсылманға хақ дініміздің нақ болмысы бесенеден белгілі. Дегенмен, діни білімді жетілдіру тұрғысында жүзеге асқан абзал жиын аймақ азаматтарын адасушылықтан арылтып, рухани сауатсыздықтан сақтауда сүбелі септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, олардың ислами иммунитетін нығайтуда ұнамды нәтиже беретінін алға тартады маңызды мәжілісте сөз алғандар.

Жиында Елбасы ескерткендей, қазақтың өз болмысы бар екенін және бойдағы ұлттық қасиет түгел болмаса, оның дүниедегі орны, болмысы жоғалатыны айтылды. Сөз алғандардың дені татулық, тұрақтылық пен келісім тақырыбында пікір білдіріп жатты. Әлбетте, Қазақстан асқар асуларды осы күнге дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен бағындырғаны бесенеден белгілі.

«Бақыт құсы, қайда қонасың?» – дегенде, ол: «ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем елге қонам», – деп жауап берсе керек. Бүгінде Қазақстан – татулықты ту еткен, достығы үлгі болған дамушы мемлекет. Басқосуға қатысқандардың ортақ пайымы осыған саяды.

Татулықтың басты тірегі – ұлттық идея, «мәңгілік ел». Ұлттар арасындағы достықтың тағы бір кепілі – Ассамблея, елдің брендіне айналды.

Гүлнәз МҰҚАШЕВА,

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев