«Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 игі іс-шара

17 ноября 2016 - Веб-редактор
article12286.jpg

Жақында қала баспасөз орталығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы Қостанай Академиясының қызметі» тақырыбында БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

 

 

Жиынға академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы, полиция подполковнигі, ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасар Олжас Сейітжанов, және де академияның төртінші курс курсанттары Манар Қабай мен Асылхан Көбентаев қатысты. БАҚ өкілдерінің бірнеше сауалдарына жауап бере келіп, Мирлан Қызылов болашақ полиция қызметкерлерінің қандай болу керектігіне тоқталды:

 


– Ең бірінші полиция қызметкерінің мәдениеті жоғары болу керек. ҚР ішкі істер органдары туралы заңының 19-шы бабында полиция қызметкерінің бірінші сөзі заң атымен басталуы керек деп жазылған. Сондықтанда полиция қызметкерімен сөйлесіп тұрған адам (құқық бұзушы) сол заңға бағынуы керек-деді академия бастығы.

 


– Академияда болашақ полиция қызметкерлерін түрлі бағытта дайындайды, – деді Ш.Қабылбаев атындағы Академияның төрт курс курсанты Асылхан Көбентаев. – Ол ғылыми және спорттық тұрғыда. Бізде көптеген спорт секциялары бар. Сонда дайындалып, түрлі жарыстарға қатысамыз. Тіптен, спорт шебері және спорт шеберіне үміткер атағын алған курсанттар да аз емес. Ал ғылыми тұрғыдағы дайындыққа тоқталатын болсақ, түрлі конференциялар, дебат клубтары және жайдарманға да атсалысамыз. Мен осы академияға түсуді өзім армандап келдім. Қазір соңғы курста білім алып жатырмын. Бізде тек ер балалар ғана емес, қыз балаларда білім алады. Болашақта Тәуелсіз елімізге адал қызмет етеміз деген сенімдемін.

 


Сонымен қатар, Мирлан Ахмедияұлы академияда ҚР Тәуелсіздігінің 25, Академияның 45 және облысымыздың 80 жылдығына арналып атқарылған бірқатар іс-шараларға тоқталды. Оған қоса, алда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып 21-ші қараша мен 15-ші желтоқсан аралығында өтетін «Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» тақырыбындағы 25 іс-шараның басталатындығын айтты.

 


Бетті дайындаған Ақбота Сақұлова
суреттерді түсірген автор  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии