Соны тәсілдер сөз болды

30 октября 2014 - Веб-редактор
article5142.jpg

Таяуда тілдерді дамыту басқармасы Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығында «Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты облыстық семинар ұйымдастырды. 

 

Семинарға Қостанай облысындағы тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушылары қатысты. Жиырмадан астам қатысушы тиімді әдіс-тәсілдер туралы тал-қылады. Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Көпжасаров пен тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов кіріспе сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
 
Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Мұхтар Әбдіғамидов жыл бойғы жұмыстарының жетістіктерімен қоса, ішінара мәселелерді де тарқатты.
 
– Кейбір тыңдаушылардың оқытуға жүрдім-бардым қарап, сабаққа келмеуі, белсенділік танытпауы толғандырып отыр. Бүгінде орталыққа 344 тыңдаушы келуі керек болса, жарты жылдықта соның 47% ғана сабаққа қатысқан. Негізі аудан бойынша тілдерді оқытуға 1 532 адам тартылған, 37 тыңдаушы ағылшын тілін оқиды, – деді Мұхтар Хамитұлы. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов түйткілді басшылары арқылы шешу керек деген ұсыныс айтты.
 
Сонымен қатар, облыстың әр түкпірінен келген тіл жанашырлары өз пікірлерін ортаға са-лып, тәжірибелерімен бөлісті. «Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Құралай Ырғызбаева баяндаса, Қарасу аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Тоқсанбай Әлім «Қазақ тілін оқытудағы әдеби көркем шығармалардың рөлін» тілге тиек етті. Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Сая Нұрғазина «Тыңдаушыларға қазақ тілін үйретудегі ұтымды
грамматикалық құрылымдар» тақырыбын қаузады.
 
Семинар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жөнінде пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шара соңында қатысушылар қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне арнайы барып, тағзым етті.
 
Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ 
 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео