Түнгі қаладағы балалар

27 октября 2016 - Веб-редактор
article12075.jpg

Осындай атаумен Әулиекөл аудандық орталығы аумағында Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің қатысуымен республикалық жедел алдын алу іс-шараларын өткізіді.

 


Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және ата-аналар өз балаларының тәрбиесіне деген жауапкершілігін көтеру, спирттік ішімдіктерді және темекіні кәмелетке толмағандарға заңсыз сату фактілерін анықтап, оларға заңға сәйкес шаралар қолдану, сондай-ақ оқудан бас тартып жүрген мектеп жасындағы кәмелетке толмағандарды, қараусыз қалған жеткіншектерді анықтау және оларды орналастыру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу.

 


«Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында аудандық ішкі істер органдарының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлары жұмылдырылды. Төрт күндік іс-шаралар кезеңінде Әулиекөл аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар анықталды. Сағат 23.00-ден кейін қоғамдық орында заңды өкілдерінсіз болғандықтан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 441 бабының 1 бөлімі «Кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден сағат 06.00-ге дейін көңіл көтеру орындарынан табылудың» бір фактісі анықталды, 442 бабының 2 бөлімі бойынша кәмелетке толмаған Әулиекөл ауданының 11 тумасы, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 127 бабының 1 бөлімі «Заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу бойынша өздерінің міндеттерін орындамау» фактісі бойынша үш тұлға, 133 бабының 1 бөлімі «Кәмелетке толмағандарға темекі сату» және 200 бабының 1 бөлімі «Кәмелетке толмағандарға алкоголь ішімдіктерін сату» фактілері бойынша сатушылар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандар «Қорғау ұйғарымы» категориясы бойынша алдын алу есебіне қойылды.

 


Барлығы кәмелетке толмаған 12 тұлға және бес ересек тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісті түрде түрде орындамағаны үшін, кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта қоғамдық орындарда болып, басқа да құқықбұзушылықтарды жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке олардың заңды өкілдері мен ата-аналары тартылды.

 


Қазіргі кезде кәмелетке толмағандармен, қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдермен жасалған құқықбұзушылықтарды анықтау және кәмелетке толмағандар мен жағдайы нашар отбасыларды есепке қою бойынша жұмыстар жалғасуда, қылмыстық және ювеналдық полиция бөлімдерімен кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекетке, қоғамға қарсы іс-әрекет жасауға итермелеу фактілерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді.

 

 

Танат ҚАРАБАЛИН
Әулиекөл ауданының
ІІБ ЖПҚ бастығы
Полиция майоры  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев