Озық тәжірибе– көпке ортақ

27 октября 2016 - Веб-редактор
article12077.jpg

Адамзат баласы өмірге келген күнінен бастап алдына қоятын мақсаты – өмір сүру. Өмірді мейлінше, есте қаларлықтай, бар күшіңді сарп етіп, еңбек жолында өзіңді жақсы жағынан көрсетіп, онымен қоса келешек жастармен жиған-терген, көкейге түйген іс-тәжірибеңмен бөлісу – адамзаттың борышы деп есептеймін. Әр салада еңбек ететін адамдар өзі үйрене жүріп, біреуді үйретеді, яғни, қоғамға да, өзіне де пайдалы жұмыспен айналысады.  

 

 

Барлық күш-жігерін сарп етіп, бала тәрбиелеу ісіне араласып, қиындықтан қашпай жұмыс жасайтын саланың бірі – ұстаздық сала. «Ұстаздық еткен жалықпас – үйретуден балаға» деп, Абай атамыз айтқандай, қызығы мен қоса қиындығы қатар жүретін бұл салада еңбек ететін адамдардың жан дүниесі де ерекше деп ойлаймын. Өйткені, әр баланың бабын табу, олардың көңілінен шыға білу оңай шаруа емес екендігін түсінуге болады.

 


Озық тәжірибені көпке тарату ісімен мұғалімдер қауымы жиі айналысады. Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде мұндай жұмыстар өте көптеп атқарылады десем артық айтпаған болар едім. Биылғы жыл, яғни 2016 жыл Ұлы ұстаз, балалар әдебиетінің атасы, педагог Ы.Алтынсарин бабамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Осы мерейлі мерей той қарсаңында көптеген жұмыстар атқарылуда. Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне мектебіміздің білікті мамандары, бірінші, екінші деңгейлі бағдарламаны игерген мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, ғылыми практикалық конференция жүргізіліп, аудан мектептерінен келген оқушыларға арналып Ыбырай оқулары, Ыбырай әңгімелерінен сахналық қойылым, көрме ұйымдастырылды. Мектебімізге арнайы халық қалаулылары, республикаға танымал ақын – жазушылар Нағашыбай Мұқатов, Серікбай Оспанов, Қуаныш Орманов шақырылып оқушылармен және ұстаздармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ақын – жазушылар Ы.Алтынсарин жайында тыңнан әңгіме қозғап, ойларын ортаға салды. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, әңгіме өз жалғасын таба білді. Мұндай іс-шаралардың мұғалім үшін де, оқушы үшін де маңызы зор.

 


Озық тәжірибе тарату ісімен мектеп мұғалімдері жиі айналысады, Ұстаздар оқушыларға тек сапалы білім беріп қана қоймай, тәжірибе алмасу мақсатында республикалық, облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына сабақ жоспарларын, сыныптан тыс іс-шараларын, мақалалар жариялау үстінде.

 

 

Мұғалімдер облыстық семинарларда шебер – сынып өткізіп озық тәжірибелерімен бөлісуде. Заман талабына сай АКТ-ны кеңінен пайдаланып, жас мамандар да облыстық сайыстарға қатысып электронды портфолио жинақтап, жұмыс жүйесін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Атап айтар болсам, технология, биология пәні мұғалімдері жас маман бола тұра конкурстарға қатысып, жақсы жетістіктерге жетуде. Жас мамандармен жұмыс мектебімізде алдыңғы қатарға қойылған. Жас маман тәлімгерімен бірігіп ашық сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасуды әдетке айналдырған. Игі істер жиі атқарылса, мұғалімнің өзіне де, қоғамға да, ұрпақ тәрбиелеуге де қосқан зор үлесі. Жас мамандардың конкурсы – мұғалімді шыңдауда, сахна мәдениетін ұстануда, шығарамашылықтарын ұштауға көмектеседі.

 


Озық тәжірибе – көпке ортақ. Жас ұрпақты жан-жақты жетілдіру, өрісі, ақыл-парасаты биік, өз Отанын шексіз сүйіп, мақтан ететін азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдында тұрған әр ұстаздың киелі борышы деп ойлаймын.

 


А. ИБРАЕВА
Ы. Алтынсарин атындағы Обаған ОМ директоры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев