Құқық бұзушылыққа жол жоқ

20 октября 2016 - Веб-редактор

Қазіргі таңда адамдарды қылмысқа не итермелейді? Айта беретін болсақ, оның себептері көп. Олардың әрқайсысына тоқтала беру мүмкін емес, дегенмен негізгілерінің бірі әділеттік орнату болса, ендігі бір себеп, есірткі не болмаса алкагольді ішімдік тұтыну салдарынан.  

 

 

Сонымен қатар біреуді материалдық жағдайының төмендігі мен жұмыссыздық итермелесе, енді бірі тәрбиенің жетіспегендігінен барып жатады. Қылмыскермен күрес жүргізгеннен гөрі, қылмыс жасауға жол бермегенді жөн санаған өкімет, құқық бұзушылықты қолға алып, түрлі шаралар жүргізуде. Атап айтсақ, заң күшейтілді, қылмыс жасауға себеп болған алкагольді ішімдіктерді сатуға ішінара шектеу салынған. Сондай-ақ, жұмыссыздықпен күрес жүргізілуде.

 


Аталған шаралармен қатар 2010 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы қабылданды. Осы заңның аясында ҚР-ның құқық қорғау және басқа органдарымен қылмыстың алдын алу жұмыстары көптеп атқарылуда. Сол қатардан Бас әскери прокуратурасы да шет қалған жоқ. Қабылданған заңды басшылыққа ала отырып, Бас әскери прокурордың шешімімен, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқық бұзушылық профилактикасы туралы бағдарламасы» (әрі қарай – бағдарлама) бекітілді.

 


Бағдарлама 2010 жылдан бері іске қосылып, әр үш жыл сайын бекітіліп отырады. Профилактикалық шаралардың түрлі әдістерін қамтыған аталмыш бағдарламаның әскери ортаға тигізген ықпалы зор. Аталған бағдарлама енгізілгеннен бері, Қарулы Күштерде бой көтерген әскери қылмыс түрлері азая бастады. Оған дәлел ретінде Қостанай гарнизонын алайық. Егер гарнизонда 2010-2014 жылдары аралығында, жыл сайын шамамен жеті – он қылмыс тіркелген болса, 2015 жылы бес қылмыс тіркелді, ал үстіміздегі жылдың өткен кезеңі бойынша тек екі ғана іс сотта қаралды. Бағдарламаның басты бағыттарын іске асыру мақсатында Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасымен де көптеген шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, әскери қызметкерлермен кездесулер өткізіліп, түрлі тақырыпта дәрістер жүргізілді. Сондай-ақ, гарнизонның әскери прокуратурасы, әскери соты және де полиция қызметкерлерінің қатысуымен жиындар өткізілді.

 

 

Жиынның басты мақсаты – Отан қорғаушыларымызға әр қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңмен қарастырылған жауапкершіліктерді жеткізу. Қостанай гарнизоны көлемінде өткізілген шаралар, әр ай сайын гарнизонның әскери прокуратурасымен сарапқа салынып, қортындысы бойынша әскери органдары және гарнизонның қылмыстық қудалау органдары басшыларының қатысуымен жиналыстар өткізіледі. Үстіміздегі жылдың өткен кезеңі бойынша аталған жиналыс екі мәрте өткізілді. Әр жиналыста гарнизонның әскери прокуроры әділет полковнигі Д.Ержанов қатысушыларға бағдарламаны тиімді орындаудың жолдарын жеткізіп отырды.

 


Р.ТҰҒЫРОВ,
Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры, әділет капитаны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев