«Қазақстан – Ұлы Дала Елі»

20 октября 2016 - Веб-редактор
article12002.jpg

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.

 


Қосымша Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар. Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы – 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым.

 


10 бөлімнен тұратын бұл қосымшаны отандық дипломаттар шетелдік әріптестерімен кездесулер мен презентациялар барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында таратуға да болады. Шетелдіктерді әсіресе Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы материалдар қызықтырады. Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

 


– Біздің қосымшамыз көпшіліктің назарына ілігіп, ол арқылы шетелдіктер мен қазақстандықтардың өздерінің достары мен таныстарын ұлан-байтақ елімізбен жақынырақ таныстыруларына мүмкіндік туындайтынына үміт артамыз, – деген сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. – Осы Қосымшаны дамыту барысында біз сияқты, әркім Қазақстан туралы көптеген жаңа таңғалдырарлықтай мәліметтермен таныса алатынына сенімдімін».

 


Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына – Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет. Қазіргі таңда аталған қосымшаның таныстырылымдары әр жерде өткізілген болатын. Қостанай облысы бойынша да бірнеше ЖОО-ның студенттері үшін арнайы презентациялар көрсетілді. Бүгінде өңір бойынша қолданушылар да жетерлік. Әсіресе, қызығушылық танытқандар студенттер мен оқушылар. Бірақ, қолданушылардың қатары егде азаматтар мен түрлі сала мамандарының арасында да артып келе жатқанын айта кеткен жөн.

 


Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев