Қажетті қадамдар

8 октября 2015 - Веб-редактор

Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастағалы алуан құжаттарға қол қойылып, түрлі ақпараттар талқылануда. Маңызды мәліметтер кезекті басқосуларда талқыға салынып, мамандар пікір айтты.


ЕЭО кедендік шекарасындағы бақылаушы ор-гандардың өзара әрекеттестігі жөніндегі Консультативтік комитеттің алтыншы отырысында Одақтың біртұтас аумағына теңіз көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты алдын ала хабарландыру ісін жетілдіру турасында айтылды. Теңіз порттарында электронды құжат түрінде алдын ала ақпараттарды ұсынудың мүмкіншілігі де сөз болды.
Басқосуды ЕЭК Кеден ынтымақтастығы жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Владимир Гошин жүргізіп отырды. Ол ЕЭО Кеден кодексінің жобасын әзірлеудің және оның жобасына өткізу бекетінде барлық бақылаушы органдарға мәліметтер беруді ескеретін және электронды құжат түрінде алдын ала ақпараттар берудің мүмкіншілігін көздейтін нормаларды енгізу қажеттігіне тоқталды.
Қырғыз РеспубликасыҮкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің кедендік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы Қасымбек Алышбаев басқосуға қатысушыларға өз елінде орналасқан ЕЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу бекеттерін техникалық жағынан жарақталуы жайында баяндады.


РФ Үкіметінің бұрынғы төрағасы Виктор Зубков Kazenergy X форумының ашылуында Импортты алмастыру бағдарлама-сы аясында құрылған өнеркәсіптік кооперация ЕЭО машина жасау кә-
сіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынын айтты.


– Біз ынтымақтастықты жан-жақты дамытуымыз керек. Осыған байланысты, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Ресей мен Қазақстанның машина құрылысы кешені кәсіп-орындары арасында өн-еркәсіптік кооперация маңызды аспекті болатыны белгілі, – деді ол.


Есен САБЫР

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео