Жанкелдин ауданында жаңалықтар көп

1 февраля 2018 - Администратор

Қостанай облысында қала және аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиындары басталды. Өңір басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ ат басын әуелі Жанкелдин ауданына бұрып, Шота ОСПАНОВТЫҢ өткен жылда атқарған жұмыстарымен танысты.

Артта қалған бір жыл ішінде Торғайда қыруар шаруа еңсерілген. Аудан әкімі Шота Оспанұлының айтуынша, 2017 жыл Қазақстан үшін маңызды жыл болды. Оның ішінде аудан тұрғындары үшін өткен жыл, ең алдымен, ел Президенті ұсынған Қазақстанның даму жолына бұдан әрі де ой түюге және мемлекетті жаңа деңгейге ауысуға дайындауға бағытталған стратегиялық құжаттармен есте қалды.

Мәселен, Жанкелдин ауданында «Рухани жаңғыру» аясында «Атамекен» кіші бағдарламасы «Өшпес рухты тұлғалар» жобасы аясында Алаштың 100 жылдығына, Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілген. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесін тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында аудан орталығында тілдерді дамыту орталығы өз жұмысын бастады.

-«Ауылыма перзенттік парызым» жобасы шеңберінде Спабековтер әулетінің қолдауымен Аралбай ауылында шағын футбол алаңы ашылды. «Өрлеу» шаруа қожалығының басшысы Алтай Жүнісовтің демеушілігімен Оспанқожа Әулие мешітіне күрделі жөндеу жүргізілді, «Туған елге тағзым» жобасы негізінде Қабылбек Хасенов «Қара қоға» қорымына қоршау орнатты, Қаратүбек орта мектебінің түлектері мектепке балалар ойын алаңы мен жиһаз алып берді, – дейді аудан басшысы өз есебінде.

Ауданның экономикалық негізгі саласы, стратегиялық маңызды бағыты – ауылшаруашылық. 2018 жылдың басына мұнда 127 шаруа қожалығы жұмыс істеп, шаруа қожалықтары 559 257 гектар жерді пайдалануда.

-«Сыбаға» бағдарламасы бойынша өткен жылы берілген жоспар 166,7 пайызға орындалып, 50 бас ірі қара мал сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 2017 жылдары 15 мал алу тапсырмасы берілген болатын. Ол бойынша 34 бас жылқы мал сатып алынды. Орындалуы – 226,7 пайызды құрады.

Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығындарының орнын толтыру, субсидиялау қағидаларына сәйкес 7 шаруа қожалығы 50 пайыздық субсидияға қол жеткізді. Инвестициялық салыным көлемі 110 млн-нан асып, оның 37,6 млн теңгесі субсидияланды, – деді Шота Оспанұлы.

Артта қалған бір жылда интернет жүйесіне қосылғандар саны 754-ке жетіп отыр. Жыл басынан бері жаңадан 169 ғаламтор нүктелері орнатылды. Сонымен қатар 5 елді мекенде сандық телевидение орнатылған.

2017 жылы аудан әкімі аппаратында Қостанай облысы әкімімен берілген барлығы 163 тапсырма бақылауда тұрды. Барлық тапсырма мерзімінде орындалып, тиісті ақпараттар уақытында жолданған.

– Өткен жылдың қорытындысы көрсеткендей ауданның әлеуметтік-экономикалык дамуының негізгі көрсеткіштері оң сипатта. Бұл барлық торғайлықтардың еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта ауыл шаруашылык өнімін өндіру көлемін ұлғайту, ауылдық жерлерде ірі мал шаруашылық кооперативін құру, шағын бизнес және қызмет саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасаймыз, – деді Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов.

Ауданда шешуін күтіп тұрған мәселелер де жоқ емес. Мысалы, Торғай кентіндегі Ш. Уəлиханов атындағы орта мектептің ғимараты күрделі жөндеуге мұқтаж. Құны 230 млн теңге тұратын жобаның сметалық құжаты дайын. Биыл білім ордасы жаңа кейіпке енуі мүмкін.

Кенже ҚОНЫСБАЙ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев