Ауыл азаматтарынан көмек

1 февраля 2018 - Администратор

Елбасы Жолдауындағы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжаттарының бірі – сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмау. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында елімізде атқарылған жұмыстар ауқымды және бүгінде өз жемістерін беруде. Сондай игілікті істер Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылында да жалғасып келеді.

 

Ауыл азаматтары туған жердің көркеюі үшін үлес қосып, мұндағы тұрғындарға қолғабыс етіп келеді. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы жарық көрісімен көпшілік болып құптап, бірнеше жұмыстарды бастап кеткен. Қазіргі таңда мақалада аталған «Туған жерге туыңды тік» бастамасы бірқатар ауылды жерлерді бір серпілтіп тастады. Жаңа жоспарлар құрылып, жаңа жобалар орындалды. Бұған халық ризашылығын білдіруде.

– Үрпек ауылының сыртта жүрген ауыл азаматтары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Атамекен» кіші бастамасының «Туған жерге туыңды тік» атты іс-шарасына атсалысуда, – дейді ауыл тұрғыны Майраш Нұржанова. – Обалы елді мекеніндегі Көшімбек атамыздың зиратын қалпына келтіру мақсатында Арқалық қаласының тұрғындары Серік және Бейбіт Төлекбаевтар қаржылай көмек берсе, Қостанай қаласының тұрғыны кәсіпкер Батыржан Жақыбаев қырғы қорымның басындағы үйді күрделі жөндеуден өткізуге қаржылай қолдау көрсетті. Бұл азаматтардың елге жасаған еңбектерімен мақтанамыз. Қарап отырсақ, Көшімбек ата зиратының жөндеу жұмысы соңғы рет 1989 жылы жүргізілген екен. Содан бері ешбір жөндеу жүргізілмеген. Ол кісі Аманкелді батырдың сенімді серігі, кеңесшісі болған. Бабамыз туралы деректер бірнеше ақпарат құралдарына жарық көрді. Сол себептен, осындай киелі орындардың күтімі сол өлкедегі азаматтардың парызы деп түсінемін.

Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен жері. Бауырында еңбектеп, қаз басқан киелі де қасиетті мекен, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Адам баласын демі таусылғанда туған жеріне әкеліп жерлеуі де тегіннен тегін емес. Туған жер топырағы қай уақытта да киелі, қасиетті. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. «Туған жерге, оның мәдениетімен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп Елбасы атап өткен болатын. Мемлекет басшысының үндеуі қазір жер – жерде қызу қолдау табуда.

Үрпек ауылында 1971 жылы туған, алдағы жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болатын түлектердің бастамасы үлгі боларлық іс деп айтуға болады. Түлекетер ауылдың «Сарыбас қажы» мешітін өз қамқорлықтарына алып күрделі жөндеуден өткізуге ден қоюда.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қостанай қаласының тұрғыны атанып кеткен зейнеткер, ауыл азаматы Әбдіқадыр Әбілтаев «Ауылым алтын бесігім» атты жобаны іске асыру мақсатында жұмыс жүргізіп келеді. Жобаның мақсаты – сыртта жүрген, көшіп кеткен және Үрпек ауылы тұрғындарының әулеттерінің барлық мүшелерін тарта отырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қор құру. Қазіргі таңда үндеу жарияланып әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен. Ауыл тұрғындары осындай рухани сананы оятатын, жас ұрпаққа тура жол сілтейтін жобаларды орындау үшін атсалыспақ.

Алдағы уақытта ауылда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында көрсетілген 10 негізгі міндетті басшылыққа ала отырып, ауылдың мәдениетін, экономикасын көтеруде түрлі іс- шаралар өткізілмек.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев