Амангелді ауданына – 90 жыл!

1 февраля 2018 - Администратор

Таяуда облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан Батпаққара елді мекенінің құрылғанына 90 жыл толды. Аудан тұрғындары бұл ерекше күнде түрлі іс-шаралар өткізіп, атап өткен.

 

Топырағында батыр бабаларды, ақын-жазушыларды, ғалымдарды, ұстаздарды құндақтаған аудан Батпаққара деген атпен 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылған. Мұндағы 30 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Кейіннен 1936 жылы оған халық батыры Амангелді есімі берілді.

Амангелділіктер ауданның құрылған күнін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған. Мұның әсіресе жас ұрпаққа тигізер ықпалы, тәрбиелік мәні айтарлықтай маңызды. Тарихтан сыр шертер болсақ, Амангелді – облыстың ең ірі ауданы, оның аумағы – 22 650 шаршы шақырымнан асады. Аудан халқы мал өсірумен қатар жеке шаруашылық ашып күн көреді. Бүгінде аудан жылдан – жылға өркендеп келеді. Мұнда халық мұқтаж кез келген әлеуметтік орын белсенді қызмет жасайды.

Жақында ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай Амангелді аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Туған өлкем – тұңған шежіре» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылған. Өскелең ұрпақтың туған өлкесі жайында білімін жетілдіруге, туған елінің, жерінің тарихын зерттеуге және патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында кең көлемде оқырмандарға таныстырылды. Көрме жыл бойы насихатталмақ және жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Оқырмандар көрмеден қажетті әдебиеттерін алып пайдалануда.

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев