«Жаңа Реформа – Жаңа Мүмкіндіктер»

1 февраля 2018 - Администратор
article15932.jpg

Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы бүгінде түрлі іс-шаралардың ошағына айналып отыр. Олай дейтініміз, қазіргі таңдағы Елбасының жаңа Жолдауы, сонымен қатар қоғамда белең алған сан-сауалға жауап іздер кездесулер өтетін орта. 26-шы қаңтар күні кітапханада зиялы тұлғалардың басын қосқан Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрге сай халыққа жасаған Жолдауына арналған «Жаңа реформа – жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел болып өтті.

 

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Қалқаман Жақып, ҚР жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов, «Қостанай таңы» газеті директорының орынбасары Жұматай Кәкімжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бас маманы Евгений Бедыч, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Алмас Садуақасов қатысты.

Олар жолдаудың мән-маңызы мен өз салаларына қатысты тұстарын ортаға салды. Жолдауда көрсетілген міндеттерді кеңінен тарқатып, Президентіміз елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түбегейлі жаңартуға және әлемнің технологиясы дамыған отыз елінің қатарына енетіндей жағдай жасауға бағытталғандығы туралы айтып кетті. Қонақтар  сауалдар тұрғысында өз көзқарастарын білдірді.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев