Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2 февраля 2017 - Веб-редактор

Елбасымыз Н.Ә.НАЗАРБАЕВ «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Сондықтанда жаңа әдіс туралы кеңінен ақпарат бергенді жөн көрдім.  

 

 

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны, инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Оқу-тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Себебі, бір технологияның өзі әдіс-тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.

 


Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізілген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілі кең тараған. Соның бірі химия пәнінен оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалға, талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Химия пәнінен әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік беремін. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір – бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетіп отырады. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі.

 


Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

 


Сыныптағы диалогты орнату үшін алдымен химия сабағында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып отырамын. Сол себепті, сегізінші сынып оқушыларымен жұмыс жасаған тәжірибе кезінде алдымен оларды достық қарым-қатынасқа негіздемей түрлі әдістерге (әр түрлі элементтер, мақал-мәтелдер, сурет құрастыру арқылы) сүйене отырып топқа бөліп отырамын. Топ мүшелері ақылдаса отырып топтың атын және ережесін құруды үйренді.

 


Диалогтік әңгімелесуде мұғалімнің сұрақтары мен оған берген жауаптары және оқушылардың сұрақтары да маңызды. Осы диалогтік әңгімелесуді сабақтарымда қолданғанда оқушылардың ойларын айта алмауы және сұрақ қойғанда ойды тарқатпай, тек қысқа жауаптың көп болуы кездескен қиындықтардың бірі еді. Осы қиындықтарды жеңу мақсатында оқушыларды түрлендірілген тапсырмалар беру арқылы диалогтік әңгімеге жұмылдырдым. Сынып оқушыларына зерттеушілік әңгіме тиімді болғанын аңғардым. Себебі оқушылар ақылға қонымды мәлімет ұсынып қана қоймай, бір-біріне сұрақ қойып, айтқандарын дәлелдей білді. Ең бастысы келісімге келу, келмеу емес, сол келісімге ұмтылу екендігін байқадым.

 


Менің ойымша, қашықтықтан оқыту кезінде «Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту және қалай оқу керектігін үйрету» модулін жақсы қолдану қажет деп ойлаймын. Педогогикалық іс-тәжірибемде диалогтік оқытуды қолдану өте тиімді болды, себебі бұл сабақтың табысты және сапалы өтуіне әсер етеді.Сонымен қатар, оқушылардың әрекетестігіне, пікірін білдіруіне, құзыреттілігін дамытуға пайдасы зор деп есептеймін. Қорытындылай келе, мұғалім жаңа технологияны тиімді меңгергенде өзінің интеллектуалдық, кәсіби, адами, рухани дамуына көз жеткізеді,.Ал оқу үрдісінде жаңа технология элементтерін пайдалану – заман талабы. Сондықтан, «Мұғалім әрдайым оқуын тоқтатпау керек, тоқтатқан жағдайда ол мұғалім болуын да тоқтатады» деген пікірді тағы бір мәрте еске түсіргенді жөн санадым.

 


Оқытудың қандай түрі және жолдары қолданылса да сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының жеке тұлға ретінде алған білімдерін өмірде кез келген жағдайда тиімді пайдалана алуға үйретуді қамтамасыз ету екенін түсіндім. Олай болса, оқи отырып оқыту арқылы жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелейік.

 

 


Индира Исалина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев