Алдыңғы шептегі аудан

2 февраля 2017 - Веб-редактор
article12927.jpg

Еліміздің гүлденіп дамуы үшін елбасы Н.НАЗАРБАЕВ ең алдымен аудан мен ауылдарды көркейтуді мақсат етіп қойды. Біздің облысқа жататын 16 аудан бар. Олардың барлығы бүгінде қай жағынан алып қарасаң да қарыштап дамуда. Біз солардың бірі – Федоров ауданына ат басын бұрып, оның бүгінгі әл-ауқатымен танысып қайтқан болатынбыз. 

 

 

Қазақ мектебінің білімдегі жетістігі

 


Бұл ауданының өзінде білім нәрімен балаларды сусындатып жүрген төрт мектеп бар. Олардың біреуі ауданның мақтанышына айналған №2-ші орта мектеп. Сондықтан аудандағы жалғыз қазақ мектебінің қазіргі жай-күйін бақылап, оқушылардың жағдайын біліп қайттық.

 


– Біздің мектебіміз 2007 жылы ашылды, – дейді мектептің оқу-тәрбие ісінің орынбасары Бұлбұл Рахымқызы. – «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде жаңа мектеп салынып, қолданысқа 2012 жылы берілді. Білім ошағымызда 2007 жылы 35 оқушы болса, қазіргі таңда олардың саны 140-қа жуық. Мұнда балаларға тынбай білім беретін 25 мұғалім жұмыс жасайды. Жыл сайын құрамымызды жас мамандармен толықтырып отырамыз. Қазіргі таңда он бір жас маман біздің мектепте ұстаздық қызмет атқарып жүр. Биылғы жылы сегіз жас түлек мектеп аяқтағалы жатыр. Бір оқушымыз алтын белгіден үміткер. Білім ошағында қоғамдық іс-шаралар жиі өтіп тұрады. Мектептің оқушыларынан бастап, ұстаздарына дейін аудандық, облыстық, республикалық байқауларда алдыңғы қатарлы орындарды иемденіп келеді. Мысалға, жақында ғана «Зият» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында оқушылар арасында ғылыми-зерттеу жұмысынан байқау өткізілді. Содан оқушыларымыз жүлделі бірінші және екінші орындарды иемденіп қайтты. Жетекшілік еткен ұстаздарға да орталықтан арнайы мақтау қағаздары жолданды. Алда алтыншы ақпанда «Білім-инновациялық лицейінде» тағы да бір ғылыми жұмыстан байқау өткізілмек. Оқушыларымыз соған қызу дайындық үстінде. Мектебіміз 2016 жылдың қараша айында мемлекеттік аттестациядан сәтті өтіп шықты. Бұл да бір оқушылар мен ұстаздардың еңбектерінің жемісі екені анық.

 


Небәрі салынғанына бес жыл ғана болған білім ошағы заманауи құрылғылармен толықтай қамтылған. Мысалға, өрт дабылқаққыштармен қатар мектептің әр бұрышына бейнебақылаулар орнатылыпты. Сол арқылы ұстаздар оқушылардың сабақтан тыс тәртібін де қадағалауға алады. Мұндағы кез келген кабинеттегі жаңа жиһаздар мектепке сән беріп қана қоймай, балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырары анық. Бұл жөнінде, оқушылармен жүргізген сұхбаттан аңғардық.

 


– Мен осы мектепте екінші сыныптан бері оқимын, – дейді сегізінші сынып оқушысы Сергей Ефремов. – Ата-анам кішкентайымнан қазақ тілін үйрене берсін деп осында берген болатын. Олардың айтқанындай-ақ қазақ тілін қатарластарымнан қалмай үйреніп алдым. Бұл мектеп маған қатты ұнайды. Бізге сабақ беретін кез келген мұғалім әртүрлі әдістер қолданып, сабағымызды қызықты өткізеді. Оқудан тыс уақытта спорт үйірмелеріне қатысамын. Жеңіл атлетика мен волейбол сынды спорт түрлерінен аудандық, облыстық сайыстардан көптеген жетістіктерге жеттім. Сапалы білім аламын деген оқушыларға біздің мектепте барлық жағдай жасалған. Өзім спорт үйірмесіне баратындықтан, жаңа спортзалды қатты ұнатамын. Менің қатарластарым да сабақтан шыққан соң бір-бір үйірмеге кетеді. Менің ойымша, біздің мектеп оқушылары сабақта да, қоғамдық жұмыстарда да белсенді.

 


Балалардың қызығушылығын есепке ала отырып мектепте түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Мысалға, «Жас математиктер», қолөнер, тоғызқұмалақ, «Теңбіл доп», вокал, «Жауқазын» бишілер тобы сынды оқушыларды жан-жақты дамытуға көмектесетін үйірмелер жұмыс жасайды. Ол үйірмелердің өзін жас ерекшеліктеріне қарай бөлінеді екен. Көбіне, бастауыш сынып оқушылары қағаздан түрлі бұйымдар жасауға, сурет салуға, қолөнерге бейім келгендіктен, қалауына қарай түрлі үйірмелерге бірдей қатысуға мүмкіндік алады. Мектеп ұжымы осы жылдан бастап ағылшын тіліне басты назар аударған. Тек қана оқушыларға сабақ беріп қана қоймай, бос уақыттарында ұстаздар да жиналып ағылшын тілін меңгеруге тырысады. Заманауи құрылғылармен қамтылған білім ошағының ұстаздары шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруде әлді талай еңбектенерлері анық.

 


Ауруханада білікті дәрігерлер көп

 


Аудандық орталық аурухана дертіне шипа іздегендерде қол ұшын созуға үнемі дайын тұрады. Басында дәрігерлік құрам аздық еткендіктен, өзге аудан мен қалалардан білікті ақ халатты мамандарды аудандық ауруханаға шақыртыпты. Сондай арнайы шақыртулар бойынша Лисаковск және Арқалық қалаларынан дәрігерлер келген. Соның арқасында дәрігерлік құрам толығып, халыққа қызмет көрсетуге толықтай дайын көрінеді. Биыл аурухана жылу және су құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары бойынша келісім шартқа қол қойыпты. Және де орталық аурухананың мақтанышына айналған, осындай қиын мамандықты жандарына серік еткен ағайынды дәрігерлер операциялық бөлімде жұмыс жасайды. Олардың іске тәжірибелігі сонша, өзге аудандар мен ауылдардан науқастанған халық ағылып келеді. Олардан бөлек, бірнеше облысқа және шет елдерге жұмысқа шақырту алған ақ халатты абзал жандар осында қызмет етеді.

 


Аудан халқы өнерге бейім

 


Федоров ауданында тілдерді оқыту орталығының басқаруымен мәдени мекемелер аясында 21 кітапхана мен 20 клубтық мекемелер жұмыс жасайды. Ал клубтық мекемелерде 142 шығармашылық топ, яғни, оның екеуі халықтық атауға ие. Бүгінгі мәдениет бөлімінің басшылығымен 2341 әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткен. Олардың қатарында, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ыбырай Алтынсаринның туғанына-175 жыл, Қостанай облысының 80 жылдығына арналған іс-шаралар да бар. Федоров ауданы 29-шы облыстық халықтар өнері фестивалінде жүлделі бірінші орынды иемденген. Және бірінші республикалық, халықаралық, екінші облыстық байқауларға ауданнан тоғыз шығармашылық топ пен 75 талант иелері қатысып, бірінші орынды қанжығаларына байлаған. Былтырғы жылды қорытындылай, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мәдени мекемелерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 57,1 млн теңге, ал үкіметтен – 59,4 млн теңге қаражат бөлінген. Жалпы құны – 116,5 млн теңгені құраған жөндеу жұмыстарының арқасында аудандық «Жастар» мәдени орталығы мен ауылдық екі клуб жаңарған. Аудандық орталық кітапханаға 52,8 млн теңге қаражат жұмсалып, жаңа ғимаратқа ие болды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша мәдениет саласына барлығы 262,2 млн теңге ақша бөлінген. Оның ішінде республикалық – 95 млн 717 мың теңгені құраса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат құны – 166 млн 504 мың теңге. Федоров ауданы мәдени іс-шараларды жиі өткізіп отырады. Мұнда үлкен кісілерден бастап, оқушыларға дейін аудандық, облыстық, республикалық байқауларға үнемі қатысып тұрады.

 


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
суреттерді түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев