Қысқы спартакиада қызу өтуде

2 февраля 2017 - Веб-редактор
article12920.jpg

25-ші қаңтар және 10-шы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы полициясының 25 жылдығына орай, жылдағы дәстүр бойынша өтетін қызметкерлер арасында спартакиада басталды. 

 

 

Жарыс барысында 150-ден астам академияның спортшылары спорттың бес түрінен: волейбол, макаров тапаншасынан оқ ату, дойбы, үстел теннисі және шағын футбол сынды сайыстар бойынша бақ сынасады. Қаңтардың 25-інде басталған жарыстың жақында салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 


Спартакиаданың ашылуында Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 


– Құрметті жарысқа қатысушылар, мен құттықтау сөзімді Елбасының қанатты сөзімен бастағым келіп отыр, – дейді Мирлан Қызылов. – «Білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді» деп елбасымыз айтқандай, сіздердің бүгінгі спартакиадаға қатысқандарыңызға қуанып отырмын. Былтырғы спартакиадада басшылық құрам жеңімпаз атанғаны әлі естеріңізде шығар. Біз сол жеңісімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Және де биылғы басталып отырған жарыста ең мықты деген команда жеңімпаз атануына тілектеспін. Біздің жастарымыз төзімді, батыл болып өсуі керек. Олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынталанып және барлық рекордсмендердің аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар, іс жүзінде дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануы керек. Сондықтан сіздер кейінгі жастарға үлгі болу үшін осындай жарыстарға жиі қатысуларыңыз керек.

 


Аталмыш спартакиада Алматы қаласында 29-шы қаңтарда ел болып дүркіретіп өткізгелі жатқан XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасымен тұспа-тұс келіп отыр. Академиялықтар бұндай үлкен додаға қатыспаса да, өздерінің арасында ұйымдастырылып отырған спартакиадаға бар күш жігерін салып, жеңіс тұғырынан көрінетіндіктеріне сенімді. Барлық жарысқа қатысушы спортшылар спартакиаданың ашылу салтанатына үлкен дайындықпен келді. Жарты айға созылатын жарыстан халықты хабардар етіп отыратынымыз анық.

 


Мирам Оспанов
суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев