Торғай таланттарының тартуы

4 февраля 2016 - Веб-редактор
article9206.jpg

«Тәуелсіздікке тағзым». Қостанайдағы облыстық балалар шығармашылығы үйінде өткен Торғай таланттарының концерті осылай аталды. Ән кешінде торғайлық композиторлардың белгілі туындылары орындалды.

 

 
Концертті ұйымдастыруға танымал әнші, КСРО-ға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Рысты Ерденова мен өнер жанашыры, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Тұрған Талғабеков күш салғанын айта кетейік. 
 
 
Кеш айтыскер ақын Айбек Қалиевтің арнауымен ашылды. Жыршы Абзал Алпысов сахнаға халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан сәлем» толғауын орындады. «Мұрагер» ансамблі де ұлттық музыкамен көпшілік көңілін серпілтті.
 
 
 
 
Көрермендер атақты Болат Хамзиннің, Бақытжан Байқадамовтың, олардың ізін жалғап жүрген Бақытжан Сәуекеновтің, Қалибек Деріпсалдин мен Алтынбай Сейітқасымовтың әндерін өнерпаздармен қосыла шырқап отырды. Гүлнар Үсенова, Отаркүл Мұқатова, Амангелді Досжанов, Қажымұрат Баймусин, Ботагөз Дүбірбаева, Оразбек Ғалымов, Азамат Мұқатов, Гүлзат Хамзина сынды әншілерге қол соқпағандар кемде-кем. Әсел Іргебайқызы, Асхат Шыңғысов, Дидар Ыбыраева сияқты жас әншілер де жерлестер ықыласына кенелді.
 
 
Өнер кешін тамашалауға Астанадан ақын Серік Тұрғынбекұлы мен композитор Алтынбай Сейітқасымов келді.
 
 
Облыс орталығында алғаш ұйымдастырылған концерттің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқандар да аз емес. Алтынсарин ауданының әкімі Батырбек Ахметов материалдық көмек көрсетсе, Балалар шығармашылығы үйінің ұжымы концерт залын тегін берген. Ұйымдастырушылардың айту-ынша, Торғай таланттары енді аудандарды араламақ.


Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор 
 
 
 
 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео