Біздің міндет – халыққа қызмет

4 февраля 2016 - Веб-редактор

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету!», – деді.

 

 

Осы Жолдау Елбасының әлемдегі дағдарысқа қарсы дәл уақытында жарияланған және барша қазақстандықтарды біріктіретін ерекше бағдарлама деп білемін.
 
 
Президенттің ерекшелігі – әр кезде болашақты алдын ала болжап, сауалдар шешімін тауып, халықтың әл-ауқатын тудырып, елімізді дамытумен қатар, Қазақстанды дүние жүзіне танытып, жаһандағы елдермен достасып, бір-бірімен бірлестіру жолдарын табуда.
 
 
Маңызды құжатта дағдарыс шарпыған күрделі жағдайды бастан кешіріп отырғанымыз айтылды. Әлемнің басына түскен бұл күрделі жағдайдан шығудың жолдарын да саралап берді. Ұлт Көшбасшысы дамыған елдердің басшыларымен кездесіп, шикізат емес секторда көптеген келісімдерге қол қойды. Қазақстанда 40 жаңа кәсіпорын ашылады деп жоспарлануда. Бізді қолдайтын елдер арасында Қытай, Жапония, Ұлыбритания мен Ресей бар.
 
 
Ең басты жетістік – дүниежүзілік қаржы институттарының Қазақ еліне жоғары сенім білдіргені. Сонымен бірге, Президент халықты жан-жақты қолдаудың іргелі міндетін ешқашан назарынан тыс қалдырған емес. Бұл орайда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметкерлерді қолдау, зейнетақыны, шәкіртақыны, мүгедектер мен асыраушысынан айрылғандарға жәрдемақыларды көбейту мәселелері ұдайы назарда тұрады. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға, біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді.
 
 
Біз, Диев ауылдық округінін тұрғындары, бір адамдай Президент Жолдауын түсіне отырып, қолдаймыз да, өзіміздің еңбектегі жоғары жетістіктерімізбен әрқашан нақтылаймыз. Атап айтсам, былтыр біздің малшылар мен диқандарға қолайлы, егіннің түсімі молынан болды. Нәтижесінде, жоғары сұрыпты бидай өнімі Қытай, Ауғанстан, Пәкістан елдерінде жоғары бағамен өтуде. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында да жетістіктеріміз бар. Ірі қара малдан бұзау, жылқыдан құлын алу жолындағы жоғары жоспарларға жетуді белгілеп отырмыз.
 
 
Жоғарыда аталған салалардың сапалы өнімі тек қана елде емес, жақын және алыс шетелдерге белгілі. Осы жетістіктерге жету жолдары: адал еңбекпен қатар, мемлекеттің ауыл шаруашылығын, жеке кәсіпкерлікті және өндіріс салаларын қаржылай қолдау. Біздің өңірде дағдарысқа қарсы ауқымды жұмыстар қолға алынбақшы. Сондықтан да, Қазақстанның дамитын даңғыл жаңа жолын бастаймыз. Біздің міндет – халыққа қызмет.
 
 
 
Балтабек ЖҰМАҒАЛИЕВ
 
 
 
 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео