Бағдарлама тұрақты дамуда

12 октября 2017 - Администратор
article15107.jpg

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11-ші қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Еске салсақ, бағдарлама Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған болатын. Облыста да аталмыш бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Осы орайда, айта кетсек, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жөнінде алдымен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндаған болатын. Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға биыл 484,2 млрд теңге қарастырылған. Қаражат көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту, жылумен, сумен жабдықтау және су тарту, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту, халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды ортақ қаржыландыру секілді бағыттар бойынша жобаларды іске асыруға бөлінеді. Ал өз кезегінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек автожол жобаларын іске асыру, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жұмыстары, сондай-ақ, темір жол әрі әуе көліктерінде жүк және жолаушылар ағынын ұлғайту шаралары туралы баяндады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды кеңінен жүзеге асыру тасымалдардың жылдамдығын ұлғайтуға, көлік шығындарын төмендетуге, транзиттік әлеуетті іске асыру мен сервисті жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өнімділік пен іскерлік белсенділіктің артуына оң ықпал етпек.

Өңірде 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 13 млрд 276 млн теңге қаражат бөлінген. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 13 объектісін қайта жаңғыртуға және құрылысына бюджеттік несие беруге 6,3 млрд теңге, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бойынша 16 жобаны іске асыруға 2,5 млрд теңге, тоғыз тұрғын үй объектісінің құрылысына 2,3 млрд теңге, үш бизнес объектісіне инфрақұрылым өткізу 1,7 млрд теңге және Лисаков қаласында балалар бақшасының құрылысына 435 млн теңге бағытталған.
 


Өткен жыл қорытындысы бойынша Ұлттық қордың қаражатын игеру жылдық жоспарға 83,9%-ды және кезең жоспарына 91,8%-ды құраған. Ал, жалпы бөлінген қаражаттан 1,4 млрд теңге игерілген. Cумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыру нәтижесінде Лисаков қаласында Жоғарғы тобыл гидроторабының су тегеурінінің мұнарасы, Қостанай қаласында гидротораптың сорғы станциясы, Қостанай, Жітіқара және Лисаков қаласының Октябрьский кентінде 76,7 км су құбыры желілері, Қостанай ауданы Затобол кентінен Тобыл өзені арқылы 1,49 км тегеурінді кәріз дюкері қайта жаңғыртылған. Ал қалалық №5 кәріз сорғы станциясының құрылысы жүзеге асырылып отыр. Былтырғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде сол жылдың қазанында Қостанай облысына сумен жабдықтау және су бұру бойынша алты жобаны іске асыруға қосымша 2,3 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мердігер ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қосымша жобаларды аяқтағаннан кейін 67 км сумен жабдықтау желісі және 5,7 км су бұрудың желісі қайта жаңғыртылмақ. 19,1 мың халық тұратын үш ауылда (Тагиль, Қарабалық және Тобыл кентінде) сумен жабдықтау жақсарады, және алғаш ретхалық саны 501 мың адамды құрайтын Ырсай ауылы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылмақ. Қарабалық кентінен 1180 адам орталықтандырылған су бұру жүйесіне қолжетімділік алады.

Облысымыздағы «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберіндегі жұмыстар халыққа көп көмегін тигізеді. Жалпы алғанда, бағдарламаны іске асыру есебінен жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 51%-дан 50%-ға дейін, сумен жабдықтау 46,5%-дан 44,5%-ға дейін, су бұру 69,8%-дан 69%-ға дейін төмендету және тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, былтырғы жылдың басынан бері «Нұрлы Жол» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан ипотекалық компаниясы Қостанай қаласында жекеменшік құрылыс «БК-Строй» ЖШС-нен кезектегілер үшін жалпы алаңы 5,5 мың шаршы метр 94 жалдамалы пәтер сатып алынған. Мұның сыртында, «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру шеңберінде келесі экономикалық эффект күтіліп отыр: мектепке дейінгі ұйымдарда орындарға қажеттілікті қысқарту, «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысатын кәсіпорындарда тұрақты жұмыс орындарын құру. Оған қоса, «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық аударымдарының түсуі – 66 млн теңгені құрайды, ал халық саны 19,1 мың адам үш ауылда, 270 мың адам үшін үш қалада және бір қала түріндегі кентте сумен жабдықтау қызметтерін, 200 мың адам үшін су бұру қызметтерін ұсыну жақсартылады. Айта кетейік, бағдарлама шеңберінде 143 км сумен жабдықтау желісі және 7,2 кәріз желісінің техникалық жағдайы жақсарады. Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 1672, оның ішінде 2016 жылы 1415, және де уақытша 1347, және тұрақты 68 жұмыс орындары ашылды.

Мемлекеттік бағдарламаның аясында барлық белгіленген жобаларды іске асыру тұрақты бақылауда. Олар бойынша жұмыстар жоспарлы режимде жүргізіліп отырады.

Ақбота САҚҰЛОВА

cуреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии