Ұрпаққа ұлағат – шежіре

9 октября 2014 - Веб-редактор
article4983.jpg

«Менен кейінгілер адаспасын, ата-бабаларына Алланың берген қасиеттерін біліп жүрсін, рухани байлығын арттыруға себебі тисін деп кітап жаздым», – дейді Хамит қажы Хасенов (суретте). Жинағының атауы – «Хазіреті Әли ұрпағы Мырзақожа әулетінің шежіресі». 

 

Кітапта Ислам дінін қазақ жеріне кеңінен насихаттауға үлес қосқан қожалар туралы, автордың шежіресі және өзінің өмірі жөнінде жазылған. Дұғаның, оразаның қасиеттері, Мұхаммед (с.ғ.у) пайғамбарымыздың хадистері де енгізілген. Сонымен қатар, жинақта туған-туыстардың суреттері де бар. 
 
Автордың хақ жолына бет бұруы тоқсаныншы жылдары басталған. Ата-бабалары туралы ізденіп жүріп, Исламның қадір-қасиетін де түсінді. 2012 жылы қажылық парызын өтеді.
– Бұрындары өзіміздің қожа екенімізді білсек те, нақты түптамырымызды білмейтінбіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел ес жиып, руханиятына көңіл бөле бастады ғой. Біз де шыққан тегімізді, дінімізді танып-білуге көштік. Жиырма шақты жыл бұрын Мұхаммед (с.ғ.у) пайғамбарымыздың өмірбаянын оқы-дым. Алла Тағала өз Елшісіне былай депті: «Сен арабтарға дін үйреттің, енді әлемге адам-дарыңды жібер». Сөйтіп, пайғамбарымыз жан-жаққа сахабаларын жіберген екен. Сондай тапсырмамен қазақ жеріне қо-жалар да жеткен, – дейді Хамит қажы Хұсейінұлы. 
Бабалары Ырзақожа мен Мырзақожа Қостанай жеріне 19 ғасырдың екінші жартысында келген. Дәлірек айтқанда, Жағалбайлының байы Әсіл бастаған Арқаның адамдары
Түркістанға барғанда, әкесі Қиғаштан сұрап әкеткен деседі. Ол кезде екеуі де бала: Ырзақожа он бір жасар, Мырзақожа сегізде. Бұл – 1875-1876 жылдардың шамасы. Қаршадай балаларды Тобыл өңіріне әкелудегі мақсат – ізгі дінімізді насихаттап, жұртты имандылыққа ұйыту болды. Олар үшін халықты шариғат жолына үндеу қиынға соқты. Дінді жоққа шығарған кеңестік саясат, репрессия жылдары қожа-молдалар қуғын-сүргінге ұшырап жатты. Көбісі өздерін бауырына басқан руларға сіңісіп кетті. Еліміз дербестікке қол жеткізгеннен кейін ғана әркім өз тегін танып-білуге, шежіресін тарқатуға кірісті. 
 
Хамит қажы Қазақстанның оңтүстігіндегі ағайындарын 2012 жылы тапты. Осы жылы Алматы қаласына дін қызметкерлерінің білімін көтеру курсына Жіті-қарадан Мырзақожаның екінші баласы Басжаннан туған Алмат барады. Сонда ол Ержан есімді туысымен танысады. Араласа келе, аталас ағайындары Шымкент жақта екенін біледі. 
 
– Қиғаштың бес баласының ұрпақтары қауышып, бір марқайып қалдық, – дейді кітап авторы. – Түп негізіміз Хазіреті Әли Мұртазадан тараған. Соған көз жеткіздік. Меккеге барып, құлшылық етіп келген соң, Нұрлан мен келінім Ақмарал ұлды болды. Бабамызға ұқсаған тақуа болсын деп, есімін Әли деп қойдық. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Жақыныңа бір жыл өкпелеп, көрмей кету оның қанын төккенмен бірдей», – делінген.
 
Кейбір әйелдер өз жағына тартып, балаларын күйеуінің туыстарымен араластырмайтын жәйттер кездеседі. Ондай адамдарға айтарым, тәубаға келіңдер. Алла «мұсылмандар үш күннен артық өкпелеуге болмайды» деген. Бірін-бірі кешірмесе, ақиретте күнәлары кешірілуі екіталай.
 
Шынында, кейінгі уақытта ағайынның арасы алшақтап, отбасы институты әлсіреп кеткенін жасыра алмаймыз. Хамит қажы осы бір олқылықтың орнын толтыруға кішкене болса да үлес қоссам деген ниетте. 
 
Хамит Хасенов кеңес үкіметі жылдары Қамысты ауданында партия қызметтерін атқарған. Ұрпақ тәрбиесіне де атсалысқан азамат. Бүгінде Қостанай қаласының тұрғыны. Бес уақыт намазын қаза қылмай, жастарды иман жолына баулып жүрген де жайы бар.
 
Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев