Жыл соңында бекітілуі тиіс

26 сентября 2015 - Веб-редактор

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасы дайын болуына аз қалды. Бұл жөнінде eaeunion.org интернет ресурсы жазды.


Жақында Минск қаласында «Кеден одағынан Еуразиялық экономикалық одаққа: бүгіні және келешегі» атты алтыншы ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Онда Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі Владимир Гошин ЕЭО Кеден кодексі жобасы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ ол еуразиялық «бестіктің» жаңа құжаттың дайындалу жұмысына жауапты мекемелерін кейбір қайшылықтарды жойып, ымыралы келісімге келуге және белгіленген уақытқа дейін істі бітіруге күш салуға шақырды.


«Қазір ЕЭО кедендік әкімші-ліктерімен ең көп талқыланған және ұзақ күтуге тура келген жоба – жаңа кедендік заңнама десем артық айтпаспын, – деді Владимир Гошин. – Құжат жобасын дайындаудың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Беларусь, Ресей және Қазақстанның мемлекетішілік келісім қорытындылары бойынша,біз шамамен мың жарымдай ескертулер мен ұсыныстар қабылдадық. Бүгінде бұл жұмысқа интеграциялық бірлестіктің жаңа қатысушылары – Армения мен Қырғызстан араласуда. Ескертпелер техникалық әрі тұжырымдамалық сипатқа ие. Алдымызда әлі едәуір жұмыстар бар. Бұған қоса, 8-ші қыркүйекте Гроднода өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің соңғы отырысында РФ Үкімет басшысы Дмитрий Медведев ЕЭО Кеден кодексін 2015 жылдың аяғына дейін бекітуге жіберуді бәріміздің есімізге салған еді».


Сонымен қатар, Владимир Гошин Одақтың ішкі нарығындағы шектеулер мен алып тастауларды тоқтату бойынша жұмыстардың қалай жүріп жатқанын да тілге тиек етті. Ол экономика саласын барынша ырықтандырудың, ЕЭО аймағында тауарларды айналымнан алып тастауды және шектеуді мүлдем болдырмаудың маңыздылығын ЕЭО мүше елдерінің басшылары атап өткенін еске салды. Комиссия Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, бұл бағытқа дендеп мән беруде. Кедендік кеңістікте әлеуде тәртіпке келтірілмеген 23 мәселенің қазір тек сегізі күн тәртібінде. Жақын уақытта үшеуі қалыпқа келтірілмек. Төртеуі қосымша талқылануда.


Алқа мүшесі өз баяндамасында Еуразиялық экономикалық одақтың келешектегі еларалық ынтымақтастығы жайында да сөз қозғады. «Болашақ туралы айтқанда, кедендік тасымалдың құрлықаралық жүйесін құру туралы да ұмытпау керек. Біз бұл идеяны ЕЭО және Қытай елі құрғалы отырған Жібек жолының Экономикалық белдеуі сынды қос экономикалық жобаның қатысуымен жүзеге асырамыз деп ойлаймын, – деп Владимир Гошин жоспарларды да жайып салды. – Біздің шынайы серіктестігіміз ҚХР мен Еуропа мемлекеттерінің арасын ЕЭО арқылы жалғайтын Қытайдың Жібек жолының Экономикалық белдеуін құру ғаламдық идеясын жүзеге асыруға ықпалдасады деген үміттеміз». Сондай-ақ Гошин мырза басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасу үшін Одақ ішінде интеграциялық процестерді үдетудің маңыздылығын атап өтті.


Асыл ҚАСЫМ

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео