Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

2 октября 2014 - Веб-редактор
article4929.jpg

Ұстаз! Ұғым іздегенге бұл бір сөздің өзі көп мағынамен сабақтастырары анық. Бала жанына ақыл мен білім дәнін себуші ғана емес, келешегіне жарқын жол сілтеуші де, қолдаушы да. Абиджанова Қуандық Ағытайқызы осы мағынадағы, осы сипаттағы ұлағат иесі.

 

Баланың айрықша қасиеттері, шапшаң ойлайтындығы, түсінік-танымы-ның деңгейі бастауыш сыныпта-ақ байқалады. Осы ерекшеліктерін та-нып, оқушылардың тілін тауып, әр қызықтарының куәгері болып жүретін парасатты, сабырлы жан Қуандық Ағытайқызы Ұзынкөл ауданына қарасты Куйбышев орта мектебінде тер төгіп жүр. Бастауыш сыныпқа сабақ береді. Еңбек жолын 1976 жылы Федоров орта мектебінде бастаған. 
 
Біраз жылдар аталған орта білім ордасында еңбек еткен соң, кейін өзінің туған жері Варваровка ауылына оралады. Сондағы оқу ошағында қызмет етіп келеді. Қуандық Ағытайқызы мектеп қабырғасында ұлағатты ұстаз, ал отбасында адал жар, балаларына сүйікті ана, немерелерінің ардақты әжесі. Бүгінде әке-шешенің тәлімді тәрбиесін көрген сол ұл-қыздарының барлығы бір-бір үй. Бәрі де мамандық иесі. Анасының ізін жалғаймын деп, ұстаздық жолды таңдаған қызы да бар. 
 
Әрбір балаға анадай қамқор бола білетін, мейірімді апаймен кездесе қалсаңыз, сізді де жылы сөздерімен баурап алатынына сенемін. 
 
– Баланың бір ерекше қасиеті – сөйлеуден еш жалықпайды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарымды бірнеше тәсілмен өткіземін. Жалпы, баланың сабаққа деген ынтасын әуел бастан аңғаруға болады. Есінде тез сақтап қалатындай түрлі түсіндіру жолдарын пайдаланамын. Қабілеті болса, оны әрі қарай дамытуға көмек беру мұғалімнің міндеті. «Баланы жастан» дегендей, бағытын ертерек анықтап ала білсек, келешегі зор оқушылар шығатынына шүбәм жоқ, – дейді ол. 
 
Қуандық Ағытайқызының білім беру саласындағы еңбек өтілі 37 жыл. Осы жылдары жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім мен тәрбие беріп келе жатқан ұстаздың еңбегі зор. Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, таза болып өмір сүруге машықтану үшін аса үлкен жауапкершілік керек. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демей ме. Қуандық Ағытайқызы осы ұстанымды қатты ұстанады.
 
Ажар СЕЙТҚАНОВА,
Ұзынкөл ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев