Туған жерге туыңды тік!

28 сентября 2017 - Администратор

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әрбір азамат қолынан келгенше туған ауылын көркейтуге күш жұмсауы керек», – деп қадап айтқан болатын. Туған жерге ту тігіп, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін ерен еңбегімен дәлелдеп, отан алдындағы перзенттік парызын адал өтеп жүрген азаматтар баршылық.

«Біздің ауыл – үздік ауыл». Қамысты ауданындағы Алтынсарин елді мекенінің әрбір тұрғыны мақтанышпен осылай айтады. Іргетасы қаланғанына 60 жылдан асқан, облыс орталығынан шалғайда жатқан Алтынсарин ауылы бүгінде түтіні түзу ұшқан, тұрмысы тоқ елді-мекендердің бірі. Әлеуметті әлдендіріп, ауылдың ажарын кіргізіп отырған, кезінде жергілікті азамат Борис Князев негізін қалаған шаруа қожалығы. Тұрғындарын жұмыспен қамтып, әлеуметтік саланың өркендеуіне де жәрдемдесіп отыр. Соның арқасында, ауыл жыл өткен сайын көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. Көптің игілігі үшін тер төгіп, тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген еңбек майталманы, «Отан – өз туған өлкеңнен басталады»,-деп есептейді. Сондықтан, жергілікті жұртшылық туған ауылын мақтан тұтатындай жағдай жасауға тырысатынын айтады. Десе дегендей. Орталық көшеге барсаң, кішігірім қалаға тап болғандай әсерде қаласың. Әсем безендірілген «Еңбек Даңқы» аллеясы, балаларға арналған ойын алаңдары үлкен-кішінің серуендеп жиі келетін орны.

Алтынсарин тұрғындарының саны 2000-ға жуық. Соның 500-і жергілікті шаруашылықта еңбек етеді. Бүгінгі жетістік – көптің күшімен жүзеге асты. Сол көпке ұйытқы болып, игі іске жұмылдыра білген Борис Князев, шаруашылық егіншілікпен шектелмей, ірі қара өсіруге де ден қоятынын айтады. Қазір мұндағы түліктің саны 3 мыңнан асады. Мал тұқымын асылдандырумен шындап айналысуды жоспарлап отырмыз. Бұған мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндік береді. Келешекте сүт бағытындағы сиырлар санын 1 мыңға, ет бағытындағы малдың санын 3 мыңға жеткізбекпіз,-дейді ол.

Ауылда бос үй жоқ. Керісінше, баспана кезегінде тұрғандар бар. Соңғы 10 жылда жиырмадан астам тұрғын үй салыныпты. Олардың бәрі жас мамандарға берілген.

Ширек ғасыр ішінде нарықтық қатынасқа бейімделіп, шаруашылығын дөңгелетіп, тұрмысын түзеп алған жұрт келешегіне нық сеніммен қарайды. Ауыл тұрғындары қалауын тауып кәсіп қылып, ерінбей еңбек етсең, туған жер топырағы ырыздық – несібеден кенде қалдырмайтынын біледі. Барлық жетістік, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан азаттықтың арқасы деп біледі.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, туып-өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген үлкен сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Елбасы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Оның ауқымы кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Бұл ретте біз де аянып қалмаймыз,-дейді Алтынсарин тұрғындары.



Айгүл НАЗАРОВА ,

сурет автордан

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев