Әлемдік нарыққа әзір

28 сентября 2017 - Администратор
article15001.jpg

Қостанай облысының экономикалық әлеуеті күн санап артып келеді. Шет елдік компаниялармен бірлесе, өңірде ірі кәсіп орындар бой көтеріп жатқанына ел куә. Аймақтың сыртқы нарыққа шығуға жасап жатқан талпынысы көңіл қуантады.

Жыл басында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған делегация Ресей Федераиясының іргедегі Челябі облысына барған болатын. Мақсат – екі ел арасындағы іскерлік әріптестікті нығайту. Нәтижесінде, қос облыс біріккен жобаларды қолға алмақ. Ал ел билігі кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайын.

Қоңсылас жатқан Челябі үкіметі оңай әрі тиімді бизнес үшін біздің облыстың шекарасына қарай жолдың бойында үлкен логистикалық орталығын салды, дәл осындай жүйе келер жылы Қостанайда да ашылмақ. Онда бизнес үшін барлық жағдай жасалады. Заманауи үлгіде жабдықталған сақтау қоймасы және жүктерді ресімдеу үшін барлық тиісті мемлекеттік қызмет бір жерден көрсетілетін болады. Осылайша, Елбасы айтқан халықаралық ынтымақтастық шеңбер аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап және олардың алға жылжуын қамтамасыз етпек.

Ал бұл бастамаға Кедендік одақ өкілдері ғана емес, сонымен қатар, Еуразиялық кеңсітікте басқа да елдер қызығушылық танытып отыр. Бұған Қостанай облысы делегациясының Өзбекстанға жасаған іссапары себеп болды. Өзбекстан Республикасы Қазақстанның, атап айтқанда, Қостанай облысының логиситикалық мүмкіндіктерін жақсы қабылдады. Өзбек өнімі Ресейде, нақтырақ айтсақ, Қостанай облысымен шекаралас аймақтарда үлкен сұранысқа ие, ал бұл дегеніміз – көл-көсір пайда әкелетін, миллиондаған тұтынушысы бар нарық.

Бұл басқосуда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов былай деп еді:

– Кәсіпкерлікті қолдауға әзірміз. Қостанай облысы азды-көпті көршілес нарыққа сіңісіп үлгерді,  – дейді өңір басшысы. – Мәселен, Магнитогордағы металл комбинатына көп жылдар бойы темір рудасын экспорттап келеміз. Әріптестік қарым-қатынас орнады, бәрі осылай басталады. «Баян Сұлу» конидтерлік фабрикасының өнімдері Ресей нарығында жақсы сұранысқа ие. «Деп», «Лидер-2010» сынды сүт өнімдері де осында сатылады. Қазақстандағы бидайдың 25 пайызын Қостанай облысы өсіреді. Соның 2 млн-ға жуық тоннасы осы Ресейге экспортталады. Ең бастысы, біз, жергілікті билік, кәсіпкерлерге бар жағдайды жасауымыз керек. Челябі облысының әлеуеті зор, соны тиімді пайдалансақ дейміз. Бізбен Орынбор мен Қорған облысы да шекаралас, бірақ біз Челябі арқылы шығуды көздейміз.Челябі мен Қостанайдың шекарасы 800 шақырымға жуық аймақты алып жатыр. Келешекте біріге отырып, Қытай нарығына шығуды да талқыладық.

Өңір басшысы өз сөзінде тұрды. Ол ҚР Үкіметі делегациясы құрамында болып, Қытай кәсіпкерлерімен келіссөзге отырды. Алдағы уақытта аспан асты елі инвесторларының көмегімен Қостанайда май өнімдерін шығаратын зауыты бой көтермек.

«Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ Қостанай қаласындағы филиалы өсімдік май экстракциялау зауытын салуға әзір.

«Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Светлана Бойконың айтуынша, бұл өндіріс ошағының құрылысы 2018 жылдың наурыз айында басталады.

– Біздің холдингте екі май өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның бірі Алматыда, ал екіншісі Қарағанды қаласында. Өкінішке қарай, біздің зауыттар негізінен Ресейден келген импорттық шикізаттарды пайдаланады. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қостанайда май экстракциялау зауытын ашпақшымыз. Жобаны Қазақстанның даму банкі қаржыландырады. Жоба құны – 100 млн доллар. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталуы тиіс, – деді С.Бойко.

Бұдан бөлек, облыс орталығында салынып жатқан индустрияландыру аймағында лифт шығаратын зауыттың құрылысы басталады. «VEK Qazaqstan» деп аталатын лифтілер 2018 жылы сатылымға шығады

«Біз индустриалды аймақтың 2 мың шаршы метр аумағында лифт шығаратын зауыт саламыз. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды алып қойдық. Бірлескен кәсіпорындағы лифт өндірісінде Қазақстан үлесі 60%-ға жетеді. Жаңа жоба табысты және сұранысқа ие болатындығына сенімдімін. Бизнес жоспар 5 жылға шақталған», – деп атап өтті ресейлік «VEK» кәсіпорнының директоры Михаил Молочников.

«VEK» компаниясы лифт шығарумен 2009 жылдан бері айналысып келеді. Оның өнімдері Петропавл және Көкшетау қалаларына жеткізілген. Жоба бойынша Қостанайда жылына 500-ден астам лифт шығарылады.

Жалпы, қазіргі таңда облыс аумағында индустрияландыру бағдарламасы аясында 11 жоба қолға алынып жатыр. Олар іске қосылғанда 4 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілмек.

Тобы-Торғай даласының әлемдік халықаралық нарыққа ұмтылысы бұнымен шектелмек емес. Жуырда ғана «Kostanay-Invest 2017» 1-ші халықаралық инвестициялық форумы өтті. Екі күнге ұласқан алқалы жиынға Египет, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Польша мемлекеттерінен жүзден астам кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ, форумға ҚР Үкімет мүшелері, түрлі халықаралық қаржы ұйымдары, орталық мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпустардың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар келді. Тобыл өңірінде өткен тұңғыш бизнес-кеңесте ауылшаруашылық, тау-кен өндірісі, машина құрастыру, туризм саласын дамыту тәрізді келелі мәселелер көтерілген еді.

Жалпы, Қазақстан – инвестиция құюға қолайлы аймақ. Бұл біз сөзге тартқан сарапшылардың пікірі. Қостанайға келген шетелдік инвесторлар да мұны құптап отыр. Соның ішінде біздің өңір сауда-саттық жүргізуге жағырапиялық жағынан өте тиімді. Облыс еліміздің төрт өңірімен шектесеіп жатыр. Сонымен қатар, көршілес Ресей Федерациясының төрт облысы да Қостанайға жақын орналасқан айтып өткен едік. Яғни, бұл маңда кем дегенде жиырма бес милиондық контингентті құрайтын алып нарық бар деген сөз.
 


Облыста биылғы сегіз айда экономиканы дамытуға тартқан инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11 миллиард теңгеге артқан. Бұл өңірдің инвестициялық қуатын көрсетеді. Игі іске инвестиция қажет-ақ.

Біздің елмен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан Азия даму банкі 23 жылда $5 млрд инвестиция құйған. Былтырдың өзінде $200 млн-ға жетсе, бұл жолы олар несие көлемін 40%-ке арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капанелли форум барысында әңгімелеп берді.

– Қостанай облысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан өңір екенін естідім. Біз экономикалық әртараптандыру арқылы мамандандырылған инвестицияларды қолдауға әзірміз. Назарбаев университеті кәсіпкерлікті дамыту мамандығы бойынша мамандар даярлап жатыр. Енді осы арқылы сіздердің облыстарыңызбен де байланысымызды нығайтамыз деген ойдамын, – деді мәртебелі мейман.

Форум аясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған облыс басшылары, ірі кәсіпорын жетекшілері халықаралық әріптестік байланыс аясында құны 200 млрд теңгеден асатын 26 меморандумға қол қойды. Осының арқасында облыста 2 мыңдай жаңа жұмыс орыны ашылады.

Форум аясында тағы бір игі іс қолға алынды. Туризм саласы тамыр жаяды. Бұл үшні Торғай геоглифтері өте қызықты жоба болмақ. Питтсбург Университетінің профессоры Рональд Лапорттың есептеуінше, геоглифтер арқылы туризмдегі кірісті жылына 240 млн АҚШ долларына ұлғайтуға болады. Ол үшін шетелдік туристердің қызығушылығын арттыру керек.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов Қостанай облысы төңірегіндегі геоглифтерді пайдалана отырып, туристік аймақ құруды ұсынды. Сондай-ақ, вице-министр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында да көптеген жобаны бірлесе отырып, қолға алуға болатынын айтты. Оның пікірінше, Қазақстанда аңшылық-трофейлік туризм дамымай жатыр. Енді Қостанай облысында туристік аң аулау аймағын жасау үшін 300 га алқап бөлінетін болады.



Маржан АЛПЫС,

суреттерді түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев