Шеминовка шаттығы

25 сентября 2014 - Веб-редактор
article4896.jpg

Қостанай ауданының Шеминовка ауылында балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Салтанатты рәсімге Қостанай ауданының әкімі Тауба Исабаев қатысты.

 

Ойын алаңын жабдықтауға аудандық бюджеттен 10 млн теңге қаржы бөлінген. Мұнда ауыл балаларының дене шынықтыруымен айналысуына барынша жағдай жасалған. Шағын футбол ойнаймын десе, жасыл алаңы бар. 
 
– Жас ұрпақтың салауатты өмір салтына мән беруі үшін мүмкіндіктер туғызуымыз керек. Сол үшін аулаларда, ауылдарда осындай спорттық ойын алаңдары көптеп ашылуда. Бір дәлелі бүгінгі күн, – деп атап өтті аудан әкімі Тауба Исабаев. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге Майкөл ауылдық округінің әкімі Жұмағали Нұрханов пен жергілікті шаруа қожалығының жетекшісі Юрий Чеховский де келген болатын. Олар да өз құттықтауларын жеткізіп, жеткіншектерді спортпен айналысуға шақырды.
 
Ашылу салтанатынан соң, аумағы 800 шаршы метр жаңа алаңда Шеминовка орта мектебінің оқушылары өзара командаларға бөлініп, футбол ойынынан жарыс өткізді.   
 
Асыл ҚАСЫМ 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео